«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Виктор Христенко: «Атамекен» – Еуразиялық кеңістікте мықты заңнамалық базасы бар жалғыз ұйым

2017 жылғы 14 Маусым
4895 просмотров

ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Еуразиялық одақ кеңістігінде «Атамекеннің бірегейлігін атап өтті

«Атамекен» ҰКП Съезіне ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко қатысты. Ол Қазақстан бизнес-өкілдеріне арнап сөйлеген сөзінде ЕАЭО мүше-мемлекеттердің бір де бірінде бизнес үшін ел Үкіметімен заңнама тұрғысында бекітілген тәжірибе жоқ екеніне назар аударды.

«Бүгінде «Атамекен» Ұлттық палатасы – Еуразиялық кеңістікте бизнеске қатысты барлық мәселелерді шешуде атқарушы билікпен өзара байланыс орнатқан, мықты заңнамалық базасы бар бірегей әрі жалғыз ұйым. Бұл айтарлықтай үлкен жетістік», – деп баға берді Виктор Христенко.

Алайда Виктор Христенконың айтуынша, бизнес пен биліктің ынтымақтастығында екі қауіп орын алуы ықтимал. Біріншіден, бизнес құрылым қағазбастылыққа айналуы мүмкін, екіншіден атқарушы билік жұмыс істеу ынтасын жоғалтып, бизнес тарапының орындағанын күтуі мүмкін.

ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті бизнеспен жұмыс істеуде қазақстандық тәжірибе күрт өзгеретін нарық талабында айтарлықтай басымдыққа ие екенін ерекше атап өтті. Алайда Қазақстан бұл қауіптің орын алуына жол бермейтініне сенім білдірді.

«Бүгінде Іскерлік кеңес аясында Кеңестің реттеуші әсерін бағалау процедурасын жетілдіру, транзитті қамтамасыз ету, кооперациялық желіні құру мәселелерін әзірлеу, Қытаймен ынтымақтастықты дамыту бағытын анықтау бойынша жұмысты бастадық. Бүгінде ЕАЭО-ға деген ұсынымды ауыстырудың маңызы зор, ұлттық бизнес одақта болып жатқанннан қорғануға талпынған кезде, Одақтың бастамаларынан қорғану керек», - деді Виктор Христенко.

Виктор Христенконың айтуынша, ЕАЭО пен Қытайдың ынтымақтастық, әсіресе Жібек жолының экономикалық белдеуімен түйіндесу мәселесін әлі де тиімді пысықтау үшін 2016 жылы ЕАЭО Іскерлік кеңесінің алаңында Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізіліп, Цифрлық трансформация жөніндегі Комитет құрылды. 

Сөз соңында ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатаның ерекшелігі мен бірегейлігін атап өтіп, бизнес мүддесін қорғауда Қазақстан мен ЕАЭО үшін күрделі де маңызды іске сәттілік тіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер