«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жалған кәсіпкерлікті декриминализациялау кері әсер туындатпайды

2017 жылғы 14 Маусым
6916 просмотров

Бас прокуратура мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бизнесті көлеңкелі экономикамен күресіп, адал кәсіпкерлікті дамытуға  шақырды

«Атамекен» ҚР ҰКП Съезі барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов  отандық бизнесті заңды тұрғыда қолдау тақырыбында баяндама жасады.  Ең алдымен ҚР Қылмыстық кодексінің кейбір баптардың декриминиализациялауға тоқталды.   

 «Қылмыстық кодекстің экономикалық саладағы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты баптарын гуманизациялауға байланысты, оның ішінде (215-бап) жалған кәсіпкерлікті декриминилизациялауға қатысты жаңартулар жасалды. Сонымен қатар Қылмыс кодексінің 13-бабы бойынша жаза мөлшері төмендетілді, 6-бабы бойынша тұлғаларды жауаптылықтан босатылуы қарастырылды және ауыр санаттағы үшінші бабы бойынша баламалы жаза ретінде еселенген айыппұл салу көзделді», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
 

Қылмыстық қудалауды қысқарту жолы арқылы салықтық әкімшілік етуге қалыпты жағдайлар туады. Тәуекелдерді бағдарлау жүйесіне толықтай өту барлығына дерлік тексеру жүргізуге ерік бермейді, яғни нақты критерийлер бойынша іріктеу жүргізілетін болады.

«Мысалға, айналымы өте үлкен, тауар жеткізілім жоғары, бірақ қызметкерлері де, техникасы да, одан қалды кеңсесі де кәсіпорын да мүлдем жоқ. Бірден жүйеге дабыл түседі. Декларациялар жиі өзгертіледі, құжаттар да қолдан өзгертіледі. Бұл да дабыл. Қауіпті аймаққа түстің бе – тексерісті күте бер. Мемлекеттік кірістер департемнті сонымен қатар әлемдік тәжірибедегі жаңа технологияларды енгізетін болады. Электрондық шот-фактуралары, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, депозиттік ҚҚС есебі, осының барлығы операцияларды ашық және заңды жүргізуге мүмкіндік ашады», – деді Марат Ахметжанов.

2016 жылдың 14 маусымында өткен Форумда бекітілген Жол картасы мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП бірлесе іске асуда.

Айта кетелік, 17 жылдың 31 мамырында ҚР Парламенті Мәжілісі ҚР «Прокуратура туралы» Заң жобасының жаңа редакциясын бекіткен еді. Бұл Заң жобасы бизнестің заңдық мүддесі мен құқығын қорғау шаралары барынша күшейтіліп, тексерулерді азайтуға, бақылау-қадағалау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Енді Бас прокуратура қудалау органнан адал кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын органға айналды. Бас прокуратура бақылаушы орган өз міндетін орындамаған жағдайда ғана тексеру жүргізетін болады. Барлық тексерулер тіркелетін болады, олардың шектік мерзімі 30 күнге созылады. 

 Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев кәсіпкерлік пен мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық жайлы баяндады.

Биыл ақпан айында «Атамекен» ҰКП мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы келісімді жүзеге асыру бойынша Жол картасы дайындалып, әрбір саладағы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау жұмыстары бірлесіп атқарылып келеді.

«Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дайындаған Жол картасы аясында 16 саланың қызметіндегі жемқорлық қауіпке талдау жүргізілу қолға алынды. Бүгінде денсаулық сақтау, құрылыс, табиғатты пайдалану, ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық қаупі анықталып, нәтижесі талқыланды», - деп хабарлады Алик Шпекбаев.

 Еске салсақ, екі ұйымның бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесінде бірқатар салаларда сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары екені анықталған. Атап айтқанда 2016 жылы мемлекеттік сатып алу саласында 268 сыбайлас жемқорлық қылмыстар тіркелген, бұл жер қатынастары, құрылыс және ТКШ, білім, ауыл шаруашылығы сияқты салаларды едәуір асады.

Агенттік Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың айтуынша, сәулет және қала құрылысы саладағы сот тәжірибесін талдауда сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі басшылық құрамына қатысты. 2015-2016 жылдары 18 сотталушының 15-і басшылық қызметтегі тұлғалар.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, табиғатты пайдалану және экология саласында 2016 жылы 26 сыбайлас жемқорлық қылмыстар тіркелді. Бұл ретте, 2017 жылдың 4 айының қорытындысы олардың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе өсті.

Энергетика министрлігі және оның аумақтық бөлімшелерімен 2016 жылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылық фактілері бойынша 5610 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, олардың 92% бойынша жалпы сомасы 2 млрд. теңгеден астам айыппұл салынған. Салынған айыппұл көлемі ең көп аумақтар атап өтілді. Олар – Батыс Қазақстан облысы - 578 млн. теңге, Ақтөбе облысы - 458 млн. теңге және Қарағанды облысы бойынша – 448 млн. теңге.

 «9 сала бойынша тексеруден соң заңнамаға өзгерту енгізуге 229 ұсыным берілді, оның ішінде 64 нормативті-құқықтық актілерге қатысты, 35-заңға қосалқы актіге қатысты. Мемлекеттік органдардың бақылаушы-қадағалау функциясын азайтып, қызметкерлердің еңбекақысын көтеруді ұсынды. Мемлекеттік сатып алуларда республика бойынша 800-ден астам лауазымдық тұлға жауапқа тартылған», – деді Алик Шпекбаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер