«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Райхангуль Сатабаева: Палата – бұл кәсіпкерлердің үйі

2017 жылғы 12 Маусым
- Павлодар облысы
6773 просмотров

2016 жылы Өңірлік палата 98 кәсіпкердің жалпы сомасы 1,7 млрд теңге болатын мүліктік құқығын қорғады

Палата сарапшылары кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесі қорғау жұмысымен әрдайым айналысады. 2017 жылдың 1-тоқсанында 13 кәсіпкердің жалпы сомасы 113 млн теңге болатын мүліктік құқығын қорғады.

Облыста кәсіпкерлікті дамытуды Кәсіпкерлер палатасының бақылаушы органы – Өңірлік кеңес ынталандырады.

Бүгін Өңірлік кеңес төрайымы Райхангүл Сатабаевамен осы мәселеге қатысты сұхбаттастық.

- Райхангүл Қайырбайқызы, Кәсіпкерлердің өңірлік кеңесі қандай орган, оның қызметіне не кіреді?

- Кәсіпкерлікті дамытуда Палатаның бақылаушы органы – Өңірлік кеңес үлкен демеу көрсетеді. Өңірлік кеңестің құрамына Палатада жұмыс істемейтін, ірі, орта және шағын бизнестің 25 белсенді өкілі кіреді. Өңірлік кеңестің басты міндеті – кәсіпкерліктің түйткілді мәселелерін шешуде бизнес пен биліктің арасында байланыс орнату. Әдетте, Өңірлік кеңес мүшелері айына бір рет бас қосады, ал қажет болған жағдайда одан да жиірек жиналады.

Кәсіби біліктілік пен, бизнестің мәселесін толықтай түсінгендіктің арқасында Өңірлік кеңес мүшелері жиі туындайтын мәселелерді көтеріп, талқыға салғанын ерекше атап өткім келеді. Былтырдың өзінде ғана Өңірлік кеңес 20 жиын өткізді. Өңірлік кеңес мүшелері аймақтағы кәсіпкерлердің мәселелерін анықтау мақсатында барлық аудандарға барды. Сонымен қатар, ауылдағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әрбір ауданда Аудандық өңірлік кеңес пен Іскер әйелдер кеңесі құрылды.

Мысалы, жүйелі мәселелердің бірі ретінде заңды тұлғалармен келісім жасау бойынша корпоративтік табыс салығын үстеме салу, заңсыз деп танылған мемлекеттік тіркеу мәселелерін атауға болады. Бұл мәселеде де жақсы нәтиже бар. «Атамекен» ҚР ҰКП ұсынысымен Мәжіліс ҚР Қылмыстық кодексінен 215-бабын алып тастауды мақұлдады. Бұл мәселе Кәсіпкерлер палатасында бірнеше мәрте талқыланды. Әрине, жалған кәсіпкерлік бизнеске айтарлықтай қысым көрсететіні анық. Адал кәсіпкерлер құқық қорғаудың қарастырылған заңнамалық құралдарын пайдалана отырып, өз келісімдерін дәлелдеуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар Өңірлік кеңес жергілікті таура өндірушілердің өнімдерін өткізу нарығын қарастырды. Онда ірі, жүйе жасауды кәсіпорындар үшін өнім мен қызмет көрсетуге қатысу қажеттілігі ұсынылды.

Кеңес отырысы барысында түйткілді мәселелерге қатысты ұсыныстар беріліп, Палатаның жалпы жұмысы бағаланады.

- Кәсіпкерлер палатасының әуел баста құрылғанынан бері жұмыс істеп келесіз. Палатаның бизнес-қоғамдастықтағы бүгінгі ролі қандай?

- Иә, сіз дұрыс айтасыз, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 3 жылдан астам уақыт бұрын құрылды. Палатаның басты мақсаты – бизнес-қоғамдастықты бір одаққа шоғырландыру. Бұған дейін әрбір кәсіпкер өз құқығын жалғыз өзі қорғағаны, көп жағдайда кәсіпкердің пайдасына шешілмей келгені жасырын емес. Бүгінде бизнестің үні барлық алаңға жетті. Палата кәсіпкер бизнесінің дамуына көмектеседі, бүгінде көптеген бизнес иелері кәсіби көмек алу үшін Палатаға жүгінеді.

Палата адал кәсіпкердің үйіне айналды деп сеніммен айтуға болады. 31 мамыр күні ҚР Парламенті Мәжілісінің «Прокуратура туралы» жаңа Заңды мақұлдағанын ең үлкен жетістік деп есептеймін. Бұл заңнама құқық пен заңды мүддені қорғау, тексеруді азайту, бақылау мен қадағалау жүйесін жетілдіруге айтарлықтай күш салуға бағытталған.

- Кәсіпкерлердің заңды құқығын қорғауға қатысты заңды мысалдар келтіре аласыз ба?

- Өткен жылдың өзінде ғана республикалық деңгейде 6 әкімшілік кедергі анықталды. Өңірлік деңгейде 37 өзекті мәселе қаралып, оның 23-і оң шешімін тапты.

Мысалы, «Агрохимпрогресс» компаниясына электр қуатын пайдаланғаны үшін аударылған сома мәселесіне қатысты жәрдеместі.

Палатаның араласуымен протездік-ортопедиялық бұйымдар жасайтын «ОРТОПРОТ» фирмасының 54 млн теңгеден астам сомада мүліктік құқығы қорғалды.

Сондай-ақ,  «Көкшетау жылы» ШЖҚ МҚМ-ге  тауар жеткізген, оның жеткізілгені өткізу/қабылдап алу актілерімен және тауар өткізу бойынша жүкқұжатымен расталатын «Копоть» ЖК мәселесі шешілді. Екі тарап актілерге қол қойған, алайда тапсырыс беруші уақытында қаржы аудармаған. Өкініштісі, кәсіпкерлер осындай мәселемен Палатаға жті жүгінеді. Адал кәссіпкерлеп мемлекеттік тауар сатып алу келісімшарты, өткізу/қабылдап алу актілері, қарызды өтеу кестесі қолдарында бола тұра, осындай келеңсіз жағдайдың құрбанына айналады. Мәселесін шешу үшін, заңды ақшасын алу үшін мемлекеттік мекемелердің есігін тоздыруға мәжбүр. Әрине, бұл жерде кәсіпкердің жұмысын тоқтатындай кедергілер туындайтыны анық.

- Бизнес-қоғамдастықпен жұмыс істеуде тәжірибесі мол маман ретінде өз ісін бастауды ойластырып жүрген жандарға қандай кеңес берер едіңіз?

- Ең алдымен, қорықпау керек, арманыңды жүзеге асыру үшін қадам жасасаңыз, бәрі де орындалады. «Кәсіпкер үйі – Дом предпринимателей» мекемесіне келіңіз, тегін білім алыңыз, мамандар кеңес береді, бизнес-жоспар құруды үйретеді, барлық мәселеге қатысты ақыл-кеңестерін аямайды. Ол үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары бар, әрбір ауданда Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейді. Сондықтан бизнесті дамытуға бұрын-соңды болмаған жағдай жасалған деп зор сеніммен айта аламын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер