«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлердің қанша қаражатын қорғады?

2017 жылғы 06 Маусым
3894 просмотров

«Атамекен» ҰКП мамандары атқарған жұмыстың нәтижесінде кәсіпкерлердің 81,6 млрд теңге көлемінде мүліктік құқығы қорғалды

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, кәсіпкерлер тарапынан «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түсетін арыз-шағым саны жыл сайын артып келеді. Егер 2013 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың желтоқсан айын аралығында бизнесті қорғау бойынша 10 011 өтінім (2 604 қтінім Орталық аппаратқа жолданса, 7 407 өтінім Өңірлік кәсіпкерлер палатасына берілді) түссе, 2016 жылы – 7 225 өтінім қабылданған. Оның ішінде 1 955 өтінім ҰКП Орталық аппаратына, ал 5 270 өтінім Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жолданған. Ал 2017 жылдың 1-тоқсанында 1 987 өтінім түсті.

Жалпы алғанда бизнесті қорғау бойынша 18 623 өтінім түскен.

Бұл бизнес-қоғамдастықтың Ұлттық палатаға артқан сенімі екенін көрсетеді, себебі отандық бизнестің шешілмеген түйткілді мәселелері өте көп. Келіп түскен өтінімдердің 41%-на дейін оң шешімін табады.

Осы уақыт аралығында келіп түскен өтінімдердің ішінде 13% – салық саласына қатысты, ал жер мәселесі бойынша – 13%, сатып алулар – 10%, кәсіпкерлер арасындағы дау бойынша – 7%, сәулет, құрылыс пен тұрғын үй коммуналдық шаруашылыққа қатысты – 7%, заңдық сүйемелдеу бойынша – 6%, агроөнеркәсіп кешеніне – 3%.

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП мамандары атқарған жұмыс нәтижесінде кәсіпкерлердің 81,6 млрд теңге көлемінде мүліктік құқығы қорғалған (2014 жылы 8,4 млрд теңге, 2015 жылы – 14,4 млрд теңге, 2016 жылы  – 28,9 млрд теңге, 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша – 29,9 млрд теңге қорғалды).

Бұл – алып тасталынған айыппұлдар, өсімдер, мемлекет органдарымен қайтарылған қаржы, сондай-ақ, бизнес үшін сақталған мүлік құнынан құралған ақша. 2017 жылдың 1 тоқсанында жалған кәсіпорындардағы контрагент-кәсіпкерлер 18,4 млрд теңгені сақтап қалды. «Атамекен» және ҚР Бас Прокуратурасы бірлескен жұмысы бойынша ҰКП өтінімдерімен кәсіпкерлер пайдасына 17 қадағалау-кассациялық қарсылық, және ҚР Жоғары Соты төрағасының 1 ұсынымы жасалған. 

Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңестерімен 380 отырыс өткізіліп, оның 346 – Өңірлік кәсіпкерлер палатасында, 34 – Орталық аппаратта өткен. 2016 жылы барлығы 155 отырыс өткізілген, оның 147-сі өңірде, 8 ғана орталық аппаратта ұйымдастырылған. Жалпы ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесімен 10 жиналыс өткізілген, 2016 жылы – 5 шара. 2017 жылы кеңес 3 отырыс өткізген болса, өңірдегі кеңес бөлімшелері 29 отырыс ұйымдастырған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер