Медициналық киім тігетін павлодарлық кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатыспақ
«Лидер+» медициналық киім тігетін кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауға екінші рет қатысуға дайындалып жатыр
2016 жылы кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында екінші орынды еншілеген. Тігін цехы өз тарихын 2004 жылы бастаған. Сол жылы Омбы қаласында өткен көрмеден кейін цех жетекшісі павлодарлық емханалар мен медициналық мекемелерге арнап арнайы киім тігуді қолға алады. Кәсіпкер киім тігуде ыңғайлылық пен сапаны бірінші орынға қояды.
«Исенова» жеке кәсіпкерлігі өндірісінің меңгерушісі Жанар Диярованың айтуынша компания саясаты сапа-стиль-баға қағидасына негізделген. Медициа қызметкерлері де компания өнімін жақсы бағалайды.
«Біздің өнім Қазақстанның бірнеше қаласында сатылады. Сұраныстың артуы да компанияның тұрақтылығы мен табыстылығын көрсетеді. Біз үшін ең жоғары мақтау – тұтынушыларымыздың жылы лебіздері, бізге бір келген адам, екінші рет тағы келеді. Сондықтан «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауына қатысып, жүлдегерлер қатарында болуымыз зор жетістік», – деді Жанар Диярова.
Маманның айтуынша компания түрлі үлгі мен формада киім тігеді, сондықтан кез келген талғамы жоғары тұтынушының көңілінен шығады. Тігін кәсіпорны осы уақыт аралығында көптеген мата өндіретін компаниялармен жақсы серіктестік орнатқан. Жұмыста тек сыналған, сапалы маталар ғана қолданылады. Бұл жерде ақ халатты абзал жандардың кәсіби формасын қалыптастырып, сымбатты келбетін келістіреді. Компания тігудің жаңа технологияларын қолданады.
Жанар Диярова «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы мен «Алтын сапа» сыйлығы әр компанияға тез арада танылуға, тауар сапасын жақсартуға ықпал жасайтыны айтты. Республикалық деңгейдегі бұл байқау жаңа бастамаларға қанаттандырып, жаңа деңгейге көтереді.
Жанар Диярова байқау қатысушыларының бәріне сәттілік тілеп, нарықта үздік тауар өндіруіші болу үшін талмай еңбектену қажет екенін айтты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: