«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үздік екеніңді дәлелде: Солтүстік Қазақстан облысының 30 кәсіпорны байқауға қатысады

2017 жылғы 25 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
4526 просмотров

«Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға ниетті 30-ға жуық кәсіпкер оқыту семинарларынан өтті

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Петропавл қаласында «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға ниет білдірген отандық кәсіпкерлер үшін оқыту семинары өткізілді.

Қатысушылардың материалдарын қарайтын және баға беретін менеджмент жүйесінің тәжірибелі сарапшы-аудиторлары кәсіпкерлерге еліміздегі бизнес саласында өткізілетін басты байқаудың негізгі аспектілері жайлы айтты.

«Үздік» атау алуға үміткерлер саны жыл сайын артып келеді.

Ярослава Пелепушко биыл «Үздік азық-түлік тауары» аталымына бірінші рет қатысуды жоспарлап отыр. Оның кәсіпорны бал шаруашылығымен айналысады. Ол былтыр Қазақстан делегациясының құрамында болып, Қытайда өткен көрмеге қатысқан. Қытай жұртшылығы қазақстандық балды жоғары бағалаған. Сондықтан байқау ең алдымен қатысушылардың өздері үшін маңызды екенін алға тартқан Ярослава мұндай бағаны өз елінде де алғысы келеді.

Жаңадан қатысып жатқандар қатарында жеке кәсіпкер Андрей Дмитриев те бар. Ол бөдене жұмыртқасымен және етін дайындаумен айналысады. Кәсіпкер байқауға қатыса отырып, мемлекеттің қолдауымен басталған бизнесі арұылы берілген сенімді ақтағанын дәлелдегісі келеді.

Оқыту барысында ізденушілерге байқаудың өту тәртібі мен ережелері туралы түсіндіріліп, мекеменің қызметін өзін-өзі бағалауын жүргізуіне қатысты кеңестік-әдістемелік көмек көрсетілді, сонымен қатар Еуразиялық сапа менеджменті қорының үлгісі (EFQM) және тағы басқалары зерттелді

Қазіргі таңда 30-ға жуық кәсіпорын «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға ықылас танытып отыр. Семинар қатысушылары сертификаттар берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер