«Бастау Бизнес»: Павлодар облысының 5 ауданындағы ауыл тұрғындары кәсіпкерлікті ұғынады
Бұл жоба 2016 жылы пилоттық режимде оқытудың сәтті үлгісі екенін көрсетіп, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылып келеді
Өңірлік палатаның қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әнел Жампейісованың айтуынша, «Бастау Бизнес» жобасының басты артықшылығы – тестілеу, оқыту, микронесиелеу кезеңінен бастап, соңғы нәтижеге дейін сүйемелдеуінде.
Облыстағы 5 ауданның тұрғындары өз істерін жүргізуді үйреніп жатыр. Бұл – Баянауыл, Ертіс, Качир, Павлодар, Шарбақты, аудандары. Әнел Жампейісова жыл соңына дейін 937 адам оқытылады деп жоспарланып отырғанын айтты. Сәуір айынан бастап қараша айына дейін білім алушылардың 6 легі оқытылады.
Мысалы, Павлодар ауданында 50 адам білім алып жатыр. Бизнес-тренер Анар Мұхаметқалиева білім алушылардың көбінің дамытқысы келетін бизнес-идеялары дайын екенін айтты. Басым бөлігінің тәжірибесі мен басқа да қаржыландыруы бар. Оқу курсы аяқталғаннан кейін бизнесін бастауға ниетті. Яғни, ауыл тұрғындары білімдері жетіспегендіктен бизнес-идеяларын жүзеге асыра алмаған. Қатысушылардың 20% 2-3 идеядан бар, оқу барысында нақты біреуін таңдайды.
Маралды ауылының 21 жастағы тұрғыны Айдар Аяпбергенов өз бизнесін қай бағытта дамытатындығын нақты біледі.
«Бұл бағдарлама туралы білгеннен кейін, бизнес жүргізу бойынша білім алғым келді. Несие алып, ауылда наубайхана ашқым келеді, себебі нан әрдайым сұраныста», - дейді өз ойымен бөліскен Айдар Аяпбергенов.
Анар Мұхаметқалиева оқыту тәжірибелік тренинг форматында ойластырылғанын, оқу барысында қатысушылар жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтуге немесе жаңа кәсіп ашуды үйретеді, 80 оқу сағаты, 120 жекелеген кеңес беру жоспарлаған.
Оқу қорытындысы бойынша әлеуетті кәсіпкер бизнес-жоспарын дайындайды, кейін оны ҚКП жанындағы облыстық комиссияның алдында қорғайды.
Әнел Жампейісова стартаптар үшін жылына 6 пайыздық мөлшермен несие беретіндігіне баса назар аударды.
«18 млн теңгеге дейін несие сомасына алу үшін мемлекеттен кепілдендіру жүйесінің қалыптасуы ауылдық кәсіпкерлер үшін үлкен көмек болады», – деп атап өтті Әнел Жампейісова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: