«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау Бизнес» Жетісу төрінде

2017 жылғы 13 Сәуір
- Жетісу облысы

Кәсіпкерлікке тегін оқытатын жоба Алматы облысында басталды

Өңір бойынша жобаға бірінші болып Ұйғыр ауданының таңыдаушылары атсалысып жатыр, 12 сәуір күні Шоңжыда бизнес-тренер Марат Исхаковтың жетекшілігімен 70 адам оқу бағдарламасына қатысты.     

Оқу барысында кәсіпкерлік  бойынша жан-жақты ақпарат беріліп, өңірде сұранысқа ие бизнес-жобалар туралы айтылып, ақпараттық-әдістемелік материалдар берілді. Жалпы оқу бағдарламасы 80 сағатты, жеке кеңес беру 120 сағатты құрайды. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасында тыңдаушылар шешендік өнер бойынша дәріс алады.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Ерлан Датқаевтың айтуынша бұл жоба нәтижелікке негізделген.

«Күнделікті бізге кәсіпкер бойынша он шақты адам өтініш білдіреді. Олардың әрқайсысы жеке кәсіп ашып, жобалалрын іске асырып, табысты болғысы келеді. «Бастау Бизнес» жобасы идеясы бар адамға таптырмас мүмкіндік. Бұрын бізге екі күн ішінде бизнеске үйрену мүмкін емес болатын, ал қазір осы жоба арқылы 30 күн кәсіпкерлік негіздерге терең бойлауға болады. Әрине, жоба қатысқан адамның барлығы кәсіпкер болып кетпейді. Дегенмен, жоба нәтижеге негізделген, яғни көпшілік бизнесті қолға алады», – деді Ерлан Датқаев.

Жоба Ұйғыр ауданынан бөлек Панфилов, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарында өткізіледі. Үздік бітірушілерге арнай сертификат беріледі, бұл құжат арқылы мөлшерлемесі төмен несие алуға мүмкіндік бар. Айта кетелік, бұл жоба «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бағыты аясында жүзеге асып жатыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер