«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде «Бастау Бизнес» жобасы басталды

2017 жылғы 11 Сәуір
- Ақтөбе облысы
Аудандардың дайындық деңгейі Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқановтың қатысуымен өткен жиында талқыланды
Шарада кәсіпкерлік басқармалардың өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары орталықтарының мамандары, ауыл шаруашылық, қаржы институттары сарапшылары қатысты.
Ақтөбе облысы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Бастау Бизнес» жобасы Шалқар, Мартүк, Мұғалжар, Темір, Ырғыз, Ойыл аудандарында өткізіледі.
Айта кетелік тестілеудің өту кезеңі мен нәтижелері әрі аудандық үйлестірушілер туралы ақпарат БАҚ-та жарияланады деп хабарланды.  Үйлестірушілер құрамы бекітілді. Қазіргі таңда жоба қатысамын деушілердің өтінімдерін қабылдау науқаны жүріп жатыр.     
Аталған шара барысында алты ауданның ӨКП аудандық филиалдар басшылары жобаны өткізу дайындықтары жайлы баяндады. Тестілеу орындарын дайындаудан бастап, қорғалған стартаптары бар кәсіпкерлердің қаржы институттары мен жұмыспен қамту бөлімдерімен байланыс орнату сызбалары туралы ақпарат берілді. Жоба аясында жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды анағұрлым ауқымды қамту үшін аудандық жұмыспен қамту орталықтарынан жұмыссыздар базасы алынды. Сонымен қатар наурыз айында жобаға жауапты аудандық үйлестірушілерді іріктеу мақсатында Комиссияның отырысы өтті, оқу курстарын өткізу орындары дайындалған болатын.
9-23 наурыз аралығында  облыстың 6 бизнес-тренеры Астана өткен оқуда біліктіліктерін шындап, аудандарға бөлінді. Жоба бойынша жалпы шамамен 1125 адамды оқытып, оның ішінде 225 адам жобалалрын қорғап қаржыландыруға өту керек екені шара барысында айтылған.
«Бастау Бизнеске» қатысу үшін жас ерекешелігі ескерілмейді. Яғни жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, шағын кәсіпкерлерліктердің иелері қатыса алады. Өтінімдер қабылданған соң, қатысушыларға кәсіпкерлік қабілеттілікті анықтайтын тестілеу өткізілетін болады. Осы ретте ӨКП филиалдарында арнайы жұмыс топтары құрылған», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры Нұрлыбек Мұқанов.
ӨКП директорының айтуынша жоба бойынша тегін оқу курстары 30 күнге негізделген. Оның ішінде жеке сабақ беру сағаттары да қарастырылған. Білікті бизнес-тренерлер қатысушыларды шешендік өнерге баулитын болады, бұл машық бизнес жобаларды қорғау кезінде қажет. 
Курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі. Сертификат төмен мөлшерлемемен мемлекеттік несиелеуге қол жеткізуге жол ашады. Айта кетелік, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша тегін оқу мен шәкіртақы қарастырылған. Өткен жылы бұл өңірдің Темір ауданында жобаның пилоттық жобасы іске асқан болатын.      

Еншілес ұйымдар

Серіктестер