«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аудан тұрғындарының сауалына кеңесші жауабы

2017 жылғы 10 Сәуір
- Қызылорда облысы

Қызылорда облысының тұрғындары несие алуға қатысты сауалды жиі қояды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады» деп нақты айтылған. Осы ақпаратты естіген Қызылорда обылсының тұрғындары Өңірлік кәсіпкерлер палатасына несие алудың талаптары мен шарттарына қатысты сауалды жиі қойып келеді.

Қызылорла облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Мәдина Қасымжан аймақ тұрғындарынан жиі қойылған сауалға жауап берді.

16 миллион несие алу үшін азаматқа қандай талаптар қойылады?

Негізі нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес кәсіпкерге 8000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде несие беру көзделген. Ол шамамен 18 миллион теңгені құрайды. Несиені алудың келесі шарттары бар:

Бағдарлама бойынша несиелендіруге жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылық кооперативтерінің мүшелері қатыса алады. Бағдарлама аясында неселендіруге қатысу үшін үміткер жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіреді, ал Орталық өз кезегінде үміткердің қатысушы мәртебесіне сәйкестігін тексеріп болған соң, микроқаржыландыру ұйымдарына жолдама береді. Несиелендіруге қатысушының кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарын өткендігі туралы сертификаты болуы тиіс. Мұндай курстардың бірі ­– Палатаның ұйымдастыруымен өтетін «Бизнес­–Кеңесші» 2 күндік қысқа мерзімді оқу курсы.

Сонымен қатар қазіргі уақытта аталмыш бағдарлама аясында 1 ай мерзімдегі оқытуды көздейтін «Бастау Бизнес» оқу курстары да бастау алып жатыр. Бұл курстар пилоттық режимде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жүзеге асырылатын болады. Оқу курстарынан өту туралы сертификат мерзімі алынған күннен бастап екі жылдан аспауы тиіс.

Ал кәсіпкерлігі жолға қойылған, яғни бизнесі бар үміткерлер бағдарлама бойынша несиелендіруге жаңа жұмыс орындарын ашатын болса ғана қатыса алады.

Кепілге зат қойыла ма?

Жеке ісін бастаған кәсіпкерлер несиелендіру шарты бойынша алатын сомасының 15% көлемінде кепілдік мүлкін қоюы тиіс. Қалған сомасы мемлекет кепілдендіріледі, ал әрекет етуші кәсіпкерлердің кем дегенде 50% өз қатысуы, яғни кепіл мүлкі болуы тиіс.

Қандай жобаларды қаржыландыру жоспарлануда?

Несиелердің мақсатты тағайындалуы – бизнес ашу үшін негізгі құралдар алу мен айналым капиталын толықтыру, әрекет етуші кәсібін кеңейту, ауылшаруашылық кооперативтерін құру мен дамыту болып табылады. Басым бағыттары ретінде агроөнеркәсіп кешені, өндіруші сала, өңдеуші өнеркәсіп саласы көзделіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер