«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Білім мен жаңа жобалар бастауында

2017 жылғы 06 Сәуір
- Қостанай облысы

Өңірде «Bastau Бизнес» оқу курстары басталды

Нәтижелі жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті жаппай дамыту бағдарламасы аясындағы оқытатын жоба облыстың Қостанай, Әулиекөл, Ұарасу, Қарабалық, Меңдіқара, Федеров аудандарында жүріп жатыр. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша аталмыш курстарда жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан 361адам қатысып жатыр. Олардың бәрі кәсіпкерлік қабілетті анықтайтын  алдын ала тестілеуден өтті.  

Жалпы курс 12 тақырыптық бөліктен тұратын 1 айлық оқу. Алғашқы сабақтар бизнестің психологиясына, әлеуетті кәсіпкерлікті анықтауға арналады.

«теза арада табыс тапқысы келетін қатысушыларға айтарымыз – бастысы баю емес, белгілі бір жобаның сәтті жүзеге асуы. Маркетинг сабақтарында тауарды өткізу секторын зерттейтін боламыз. Содан соң қадам қадам бойынша бизнес-жоспарды құрамыз. Қаржылық сауаттылық, мемлекеттік бағдарламалар, заңнамаларды түсіну сабақтары да курстарда қамтылған. Соңғы аптада шешендік өнерге ден береміз, өйткені әр тыңдаушы қаржыландыру комиссиясының қазілар алқасы алдында өз жобасын сәтті қорғап шығу керек», – дедйді «Bastau Бизнес» жобасының бизнес-тренеры Ақмарал Бекмырзаева.

Сертификаттарын қолдарына алған тыңдаушылар Ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау қоры мен Агро-несие корпорациясы қаржыландыратын    микронесиелік серіктестіктер арқылы төмен мөлшерлемесі бар несие алуға мүмкіндіктері бар. Алдын ала жасалған саулнама нәтижесі көрсеткендей тыңдаушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығын қолға алғысы келеді. Сонымен қатар ателье, наубайхана, шаштараз ашуға ынта байқалды. Келешекте Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнесіт жүргізу бойынша әр жобаны сүйемелдейтін болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер