«Bastau Бизнес» бизнес-тренерлеріне сертификаттар ұсынылды
Кәсіпкерлікке үйрететін оқытушылар кешенді дайындықтан өтіп, ауылға баруға дайын
Наурыз мейрамы қарсаңында «Bastau Бизнес» жобасы аясында Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен өңірлерде бизнес негіздеріне үйрететін оқытушылар легі біліктілік шеберлігінен өтті. Оларға «Bastau Бизнес» жобасы мектебін тәмамдағаны туралы сертификаттары мен «Атамекеннің» төс белгілері ұсынылды.
Екі аптаға созылған семинарларда бизнес-тренерлер бизнес-тренерлерге берген сабақтар қорытындысы жасалып, іріктеу кезеңдері бойынша ең мықты тренерлер таңдалды. Түрлі ситуативтік семинарлар мен психологиялық тесттер нәтижесінде үздік тренерлер сынақтан өтіп, өңір өңірде «Bastau Бизнес» жобасын жүзеге асыруға жіберілетін болады.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлердегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Bastau бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарларды өткізуге ұйытқы болып отыр. Бүгін өңірлерде кәсіпкерлікті оқытатын бизнес-тренерлердің оқу курсатыр аяқталып,
«Құрметті қатысушылар! Сіздерге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы мен Басқарма Төрағасы атынан алғыс айтқым келеді. Шын мәнінде бұл кісілер болмаса «Bastau Бизнес» жобасы болмас еді. «Атамекен» басшылығы «Үлкен мектеп ашу – сауапты іс, халыққа нақты көмек жасау керек», деген еді. Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы туралы ойлауы да еліміз әлем аренасының көшінен кері қалмасын дегені. Ауыл қалай болмақ, ауылдың жағдайы қандай, ауыл дамуына атсалысу сынды Елбасының тапсырмасын орындау ҰКП басшылығының мақсаты. Міне сол міндетті орындау жолында жиналып отырмыз. Үлкен іске жол осылай ашылады», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.
ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары айтуынша, бизне-теренрелерге арналған екі апталық тренингтер бүкіл республикадан 135 тренерді сұрыптады. Олардың ішінен үздік 80 адам іріктелді, осы тренерлер 1 сәуірден бастап ел-елге барып кәсіпкерлік негіздерін кеңінен насихаттайтын болады.
«Екі апталық курста маған ұнаған тұстар болды. Сабақ берерде маңыздысы – біздің айтқанымыз емес, әр тренердік өзіндік әдісінің қалыптасуында, әр мәселені жүрекпен қабылдауында, аудиторияны сезінуінде. Өйткені, ауылды жерге барғанда сіздерге түрлі сұрақтар қойылады, онда бизнес қана емес, өмір, ғаламда не болып жатыр сол туралы ақапарт беру керек болады. Сондықтан, ауылдың отымен кіріп, күлімен шағытан жандарға айналып, үлкен міндетті орындайтын алғашқы қарлығаштары, ағартушыларсыздар. Сәттілік тілеймін!», – деді Эльдар Жұмағазиев.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлерді дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Bastau Бизнес» оқу бағдарламасы оқыту науқаны Астананың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Қазақ гуманитарлық заң университеті базасында өткізілген болатын.
Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Экономика, менеджмент и туризм» кафедрасының жетекшісі Асхат Наметша «Атамекеннің» таңдауы Қазақ гуманитарлық заң университетіне түскеніне алғысын білдірді: «Бұл оқу науқаны бізге үлкен мәртебе әрі тәжірибе болды. Бизнестің ауылға бағытталғаны қуантып отыр. Екі апталық курстардың нәтижелі болғанын мына бал-бұл жайнаған жүздерден, жарқыраған жанарларға қарапа-ақ ұғынуға болады. Миссия – жауапты, мақсат – айқын! Ендеше, іске сәт!».
Жеңімпаздарды арнайы құттықтап, жобаны бақылауға келген тәуелсіз сарапшы, белгілі бизнес-тренер, тәжірибелі коуч Ғалия Бағдат ауылға баратын тренерлерге қызығатынын жасырмады: «Бұл күндер нағыз ғажайып оқу кезеңі болды. Ынталы жастардың деңгейін көрдік, үйреттік, өзіміз үйрендік. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Мүндай жоба бұрын-сонды болмаған. Өйткені бұл стартаптың мақсаты анық, және сол мақсатты орындау жұйелі түрде орындалып отыр».
Еліміздің алғашқы 80 үздік бизнес-тренерлеріне «Bastau Бизнес» жобасы оқу аяқталуы сертификаттарын Эльдар Жұмағазиев, Асхат Наметша, Ғалия Бағдат табыстап, «Атамекен» төс белгілерін табыстады. Енді осы бизнес-тренерлер нағыз «атамекендіктер» болып танылды. Тренерлер арасында жасы да, зейнетке шыққан азаматтар да болды. Қызығушылық үлкен.
Шара соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсіп, келесі кезең бойынша жоспар жасап, бүгінгі айтулы оқиғаны қазақтың біртуар жазушысының бірі Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған, әні Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әйгілі әнін айтумен салтанатты түрде аяқтады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: