«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Біз бизнесті қорғаймыз!

2017 жылғы 09 Наурыз
- Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры тікелей эфирде есеп берді

«Қазақстан­–Ақтөбе» телеарнасының тікелей эфирінде 25 ақпан күні Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов есеп берді.

Эфир барысында сауалдарға жауап бере отырып, Өңірлік палатаның 2016 жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы жоспарлар туралы хабарлады. Палата жетекшісі өткен жылды жемісті болды деп атап өтті. Жылдың басты оқиғасы Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетовтың тағайындалуы болды.

«Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын жасады. Бұл картаға Ақтөбе облысының 10 инвестициялық жобасы енгізілді. Картада бизнеске қажетті мағлұматтар облыс пен аудан бойынша жеке-жеке көрсетілген. Аталған ресурс әлеуетті инвесторлар үшін де қажетті.

Өңірлік палатаның ең ірі жұмыстарының бірі ­– ауыл кәсіпкерлеріне шағын несие беру бағдарламасының қосылғаны. Бұл мақсатты жүзеге асыруда «Алмекс» компаниялар тобы 300 млн теңге бөлді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасын 300 млн теңгеден бөлген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры қолдады. Нәтижесінде, кредиттік портфель 900 млн теңге болды. Бұлл қаражаттың есебінен ауылдағы тұрғындардың 225 жобасы қаржыландырылды.

Сонымен қатар, АӨК бөлімі мен ӨКП аудандық бөлімшелерінің сүйемелдеуімен өңірде 43 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Жергілікті тауар өндірушілердің өнімін тарату мақсатында облыстық әкімдікпен бірге сатып алуларды сараптау бойынша мемлекеттік органдармен бірлескен Комиссия құрылды.

«Біздің мақсатымыз жай ғана бизнестің мәселесімен айналысу емес, оның мәселесін қарауда нақты шешімге қол жеткізу және мұны жүзеге асырып келеміз, – деп атап өтті Нұрлыбек Мұқанов. – Біз облыстық әкімдік пен прокуратура, басқа да мемлекеттік органдармен меморандумға қол қойдық. Түрлі алаңдар құрылды. Олардың ішіндегі ең тиімдісі – облыстық прокуратураның алаңында қызмет атқаратын кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі штаб пен ӨКП алаңындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес».

Сонымен қатар, Өңірлік палатаның жанынан Заңгерлер клубы құрылды. Оған осы салада жұмыс істеп жүрген заңгерлер мен облыстық адвокаттар коллегиясынан қорғаушылар мүше болды. Бұл құралдардың барлығы да кәсіпкерлер құқығын қорғауда шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Айталық, 2016 жылы 340 өтінім түссе, оның 66% оң шешімін тапқан. Салыстырар болса, 2015 жылы 270 өтінім түскен, оның 167-сі, яғни 61% оң шешілген.

Өңірдегі кәсіпкерлер шағымдарының сараптамасын қорытындылағанда, жүйелі деп атауға болатын негізгі салалар анықталды. Құрылыс, сәулет және жер құқығы, салық салу, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялар, коммуналдық қызметтің тарифтері (оның қымбаттауына қарай), көлік салаларына қатысты сауалдар көптеп түскен.

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы атап өткендей, бизнеске жер учаскелері жетіспейді. «Заң бойынша жер аукцион арқылы сатылу керек. Әкімдік аукцион өткізу үшін құжат дайындауға қаражат жоқтығын алға тартады. 2016 жылдың ақпан айында оның қежеттілігі туралы айтып, біз қала әкімін көндірдіп, қала бюджетінен 30 млн теңге бөлінді. Бұл ақшаға құжаттарды дайындап, аукцион өткіздік. Нәтижесінде, 2016 жылы 5 аукцион өткізілді. Саудаласу арқылы 46 жер учаскесі сатылды. Ал қалалық бюджетке 97 млн теңгеге түсті. Осы жылы әкімдік 3 аукцион өткізіп, жалпы сомасы 113 млн теңге болатын 29 учаскені өткізді», – деп атап өтті Нүрлыбек Мұқанов.

Бұл мәселенің жүйелі түрде шешілуі үшін Өңірлік палата «Атамекен» ҰКП-ға жергілікті атқарушы органдарды жер учаскелері бойынша аукцион өткізуге міндеттеу туралы ұсыныс білдірді. Бұл бастаманы омбудсмен Болат Палымбетов те қолдаған. Нұрлыбек Мұқанов бесеп беру барысында бұл бастама биылғы жылы ҰКП деңгейінде шешімін табады деген үмітін жасырмады.

Өңірлік палатаға 2014 жылы барлығы 783 шағым түскен, оның 60% бизнесмендердің пайдасына шешілді. Осы уақыт аралығында 6,4 млрд теңге сомасында кәсіпкелердің мүліктік құқығы қорғалған. Оның ішінде 1,1 млрд сомасы 2016 жылы сақталды. Былтыр бизнестің 79 жүйелі мәселесі анықталды (жергілікті деңгейде ­– 44, республикалықта – 35). 44 мәселе шешілді.

Әкімшілік кедергілерге келер болсақ, Өңірлік палата тоқтатқан бірнеше мәселелерді айтуға болады. Осылайша, жеке меншік инвестиция есебінен жартылай дайындалған нұсқада берілетін нысандардың пайдалануға берілуін қабылдау мүмкін болды. Жергілікті атқарушы органдардың көшпелі және көше саудасының орнын анықтауының шешімі қабылданды, онда ЖАО ұсынылған сауда орындарының саны Ақтөбенің әр аумағында 100-ден асты. Мектепке дейінді және білім беру мекемелерінің тамақтануға бөлінетін шығынының көлемі бюджеттен қосымша қаражат бөлу арқылы әрбір балаға 107 теңгеден 160 теңгеге дейін өсірілді. Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің санитарлық-аудиторлық тексерудің дұрыс шешімі шығарылған бизнес субъектісін тексеруді бекітуі тоқтатылды.

Салық органдарының мүгедек арбасы, балдақ және т.б. медициналық техниканы импорттаушылардан ҚҚС өндіру бойынша тәжірибесі де тоқтатылды. Жылыту кезеңіне дайындықты тексеру кезінде «Трансэнерго» АҚ жылу жүйесін тексергені үшін соманы күштеп таңу тәжірибесі жойылды. «Нұр Ақтөбе» шағын ауданы тұрғын үйлерінің жертөлесін байқау жариялау арқылы бинеске беруге қол жеткізілді. Алдында көрсетілген орындар бос емес болған, онда небәрі 2 дүкен жұмыс істеп тұрды. 2016 жылы 5 жертөле орны жалға берілді және екеуі – сенімді басқаруға.

«Атамекен» ҰКП Арбитраждық орталығына кәсіпкерлер кәсіби арбитраждық көмек алуға жүгінеді, қаржысыз және уақыт жоғалтпай өз дауларын шешеді. Арбитрлар шешімі дәл сот шешіміндей күшке ие. Мұнымен қоса, кәсіпкерлер арбитрды өздері таңдайды.

Енді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Қаржы министрлігінің жанынан бизнес шағымын қарау жөніндегі комиссия құрылады. Оған Мемлекеттік кірістер департаментінің, Қаржы министрлігінің, ҰКП өкілдері мен өзге де мүдделі тұлғалар кіреді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Қаржы министрлігінің жанынан ҚР ҰКП қатысуымен салық және кедендік дауларды сотқа дейінгі реттеу институты құрылады. Сонымен қатар, осы жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікке баулу мемлекеттік бағдарламасы аясында «Bastau Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқытатын жобасы басталады.

Биыл бизнес құқығын қорғау мәселесі басымдыққа ие. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендер жүгінетін заңнамаларды тексеру, сатып алуларда отандық тауар өндірушілерді қолдау, импортты алмастыру мәселесін пысықтау, МЖС, ауылдағы бизнесті, адами капиталды дамыту және т.б. жұмыстарын жүргізеді

Есте қаларлығы, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының есеп беруі жаңа форматтағы кең ауқымды қамтып өткізілді. Телекөрермендер тікелей қоңырау шалу арқылы сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары Facebook-тегі, теле арнаның сайттағы онлайн трансляциясына қосылып, пікір білдірді.

Жүргізуші спикерге барлығы 15 сауал қойды. Эфир барысында телекөрермендерден 6 сұрақ түсті, оның ішінде жергілікті тұрғындардан ғана емес, еліміздің басқа өңірінен де, атап айтқанда, Алматыдан сауал қойылды. Студияға шақырылған кәсіпкерлер қаланың логистикасын дамытуға, МЖС жобасын жүзеге асыруға, ауылшаруашылығы кооперативін құру және өнімдерді өткізу жобасын жүзеге асыруда кәсіпкерлердің қатысу мүмкіндігі, рұқсат құжаттары мен т.б. мәселелерді көтерді. Бұл Кәсіпкер палатасының өңірлік бизнесті қолдауының бір түрі болды. Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқановтың толық есеп беру сәтін сілтеме арқылы тамашалай аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер