«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әр отбасыға – бір кәсіп!

2017 жылғы 02 Ақпан
2207 просмотров

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, әр отбасының кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік береді деп санайды Ақтөбе облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы да жан-жақты айтылған. Бұл екінші басымдықта – бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту тұрғысында берілген. Елбасы еліміздің дамуы үшін ерекше орын алатын бұл бағытты стратегиялық мақсат ретінде көрсетіп отыр», - дейді Кеңес төрайымы.

Жолдауда атап көрсеткендей, Президенттің тапсырмасы бойынша, Үкімет мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру қажет екені белгілі. Бұл тұста өңірлер де жауапты істі жүзеге асыруға белсенді атсалыспақ.

«Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс», деп атап көрсетілген Жолдауда. Бұл әр отбасының кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік береді деп есептеймін», - дейді Күлпаршын Айдарханова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер