«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Игорь Шацкий: «Азық-түлік экспортына әлеуетіміз жетеді»

2017 жылғы 01 Ақпан
3226 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының пікірінше, Елбасының Жолдауы бизнес-қауымдастықты алға қойған мақсатына біртабан жақындатты

 – Мәселен, Жолдауда экспорт мәселелері туралы өте сауатты айтылды. Біздегі азық-түліктің сапасы Қытай, Ресей және Белоруссия өнімдерінен кем емес, әзірге олармен баға жағынан бәсекелесе алмай жатырмыз. Кәсіпкерлер Елбасының Үкіметке жүктеген Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, бизнестің барлық шығындарын талдап, түгендеу туралы тапсырмасын да жылы қабылдады. Қарапайым ғана мысал, біздің кәсіпкерлер ресейлік әріптестеріне қарағанда өнімдерді сертификаттауға көбірек шығын жұмсайды. Бұл тауардың өзіндік құнына әсер етіп, өнімдеріміздің бәсекеге қабілетті болуына зиянын тигізеді. Аталған тапсырма өндірушілердің қандай шығындары артық екенін, олардың қайсысы қолдан жасалғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Азық-түлік экспортына әлеуетіміз жетеді. Бүгінде Қытайға баратын сауда дәліздері дайын боп қалды, бірақ әлі де бірқатар кедергілер бар. «Made in Kazakhstan» өнімдерін шетелдік нарықтарға шығармау үшін, қолдан жасалған жоғары талаптар өте көп. Елбасы жүктеген сараптамалық стратегия аясында сол кедергілердің барлығын алып тастауға болады. Мәселен, бал өнімдерін Қытайға экспорттау үшін, Шығыс Қазақстан облысында еліміздегі алғашқы сауда кооперативі құрылды. Оның құрамына бал өнімдерін дайындайтын 1000-нан астам ұсақ омарта шаруашылықтары кірді. Осылайша, шағын нарығымызды экспорт арқылы дамытуымыз қажет.

Бүгінгі таңда еліміздегі ірі машина құрастырушы кәсіпорындар автобөлшектерді және тағы басқаларды онлайн-сауда арқылы сатып алуға көшті. Өйткені ондағы бөлшектер арзан, сатып алуға да оңай және оларды тез жеткізіп береді.

Елбасы назар аударған тексерістер туралы айтар болсақ, оның тезірек шешілгенін кәсіпкерлер көптен бері күтіп жүр еді.

Ел тұрғындарының 30%-ы өз-өзін жұмыспен қамтып отыр, біз солардың көмегімен бұқаралық кәсіпкерлікті дамытуымыз керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер