«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚАҢТАР: Қазақстанда Кәсіпкерлік кодекс қабылданды

2016 жылғы 21 Желтоқсан
7947 просмотров

Кәсіпкерлік кодекстің кәсіпкерге қандай пайдасы бар?

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бизнес пен биліктің құқықтық қарым-қатынасын реттейтін Кәсіпкерлік кодекс заңды күшіне енді.

Бұл кодекс кәсіпкер мен мемлекет арасындағы өзара байланыс жүйесін реттеп, бір арнаға түсіруге қажет. Басты мақсат – жауапкершілік жүгін көбейту емес, кәсіп иесі де, мемлекет тарапы да еш бұзбайтындай нақты және ұғынықты ойын тәртібін құру.

Жаңа құжатта өзекті мәселелердің кең ауқымы қамтылған: бизнестің заң шығару үдерісіне қатысуы; мемлекеттік-жекеменшік серіктестік; мемлекеттік реттеу сипаттары мен құралдары; рұқсат берулер мен хабарландырулар; бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу; мемлекеттік бақылау мен қадағалау; жекелеген қызмет түрлерін мемлекеттік қолдау (агроөнеркәсіп кешені, индустриялдық-инновациялық даму, инвестициялар) және тағы басқа. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғауға арналған тұтас бөлім жасалған.

Кәсіпкерлік кодекс баптарымен толығырақ мына жерден танысуға болады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер