«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Ақжар Өндіріс» Агрофирмасы ЖШС
Павлодарда өткен «Қазақстанның үздік тауары-2016» байқауының жеңімпаздарының бірі
«Ақжар Өндіріс» Агрофирмасы ЖШС – Қазақстан Республикасының солтүстік өңіріндегі орта бизнеске жататын кәсіпорындардың санатынан. Фирма 2001 жылы Павлодар облысының Май ауданында «Ақжар» совхозын қайта ұйымдастыру кезінде құрылған.
Кәсіпорын асыл тұқымды жылқы, қой шаруашылығымен, ет өңдеумен, ет өнімдері мен консервілерін дайындаумен, тері өңдеумен, тон өндірісімен (тұлыптар, бас киімдер, былғары аяқ киімдер, етіктер мен қолғаптар тігумен) айналысады.
ЖШС ұзақ мерзімге жарамды ет және ет консервілерін, бөтелкеге құйылған қымыздар, сондай-ақ, былғарыдан тігілген сыртқы киімдер шығарады.
Өндіріс орны толық көлемде өзінің шикізат базасын пайдаланады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: