«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «БАРК Технолоджи» ЖШС

2016 жылғы 08 Қараша
6682 просмотров

«Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша 2-орын алған

«БАРК Технолоджи» ЖШС нарықта 2011 жылдан бері бар, жобалық-сметалық құжаттама жасаумен және әлеуметтік нысандар құрылысымен, медициналық жабдықтар өндірумен және жеткізумен айналысады.

«БАРК Технолоджи» ЖШС емдеу-сауықтыру мекемелерін толық медициналық және технологиялық жабдықтармен жабдықтайды. Компанияның көмегімен көптеген өңірлік және республикалық жобалар сәтті жүзеге асырылды. Оның ішінде «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы да бар.

«БАРК Технолоджи» компаниясы өкпенің виброакустикалық терапиясына арналған VibroLUNG бірегей аппаратын жасайды және соның құқық иесі болып саналады. Аппарат ӨСОА (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы) синдромын және үлкендер мен балалар өкпесіндегі рестриктивті ауытқуларды емдеуде қолданылады. Виброакустикалық аппарат физиотерапиялық аппараттар қатарына жатады. Ол діріл арқылы әсер етеді (дыбыстық төмен жиіліктегі және инфрадыбыстық диапазон).

Аппарат беретін емнің тиімділігі белгілі бір жиілік диапазонында ағза ұлпаларына мөлшерлі дірілдің әсер етуіне байланысты анықталады.

Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде аппараттың көптеген ауруларды, тыныс алу жолдарын, реанимациялық жағдайдағы ауыр науқастардың (пульмонология, реанимация, кіші жамбас органдарының созылмалы ауруларын емдеу кезінде, сонымен бірге, травматология, спорттық және эстетикалық медицинада) тыныс алу жолдарындағы асқынуларды емдеуде және олардың алдын алуда тиімді жұмыс жасайтынына толыққанды көз жеткізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер