«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның үздік тауарын таңдайық: «Банур-НС» ЖШС

2016 жылғы 04 Қараша
7666 просмотров

«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша 1-орын иегері

«Банур-НС» ЖШС 2009 жылы Астана қаласында итальяндық технология бойынша жұмсақ балмұздақ өндірісін іске қосты. Сол жылы Bambino брендін патенттеп алды.

2010 жылы елорда көшелерінде тәттінің түр-түрін ұсынатын алғашқы омнибус вагондар пайда болды.

Алғашқы табыстарына қол жеткізген «Банур-НС» компаниясы өнім желісін кеңейтіп, 2011 жылы слэш өндірісін іске қосты. Осы жылы жұмсақ балмұздақ желісі құлпынай және йогурт дәмдерімен толықтырылды.

2012 жыды джелато, яғни қаймақ қосылған қатты балмұздақ өндірісі өз жұмысын бастады. Ол сатып алушылардың көңілдерінен шығып, брендтің беткеұстар дәміне айналды. Бүгінгі таңда компания технологияны жетілдіре отырып, дәл осы бағытты дамытуға күш салып, жаңа дәмдер әзірлеп жатыр.

2013 жылы франшизасын саудаға шығарды, нәтижесінде Астана және Қарағанды қалаларында алғашқы франчайзингтік кәсіпорындар пайда болды. 2014 жылы Ресейдің Барнаул, Челябинск қалаларында филиалы ашылды.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап компания әлемдегі ең үлкен Қытай нарығын бағындыруды қолға алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер