«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Golden Rill Trade» ЖШС
«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымының ІІ дәрежелі дипломанты
«Хрустальная суы» сауда маркасына иелік ететін «Golden Rill Trade» ЖШС 1998 жылы құрылған. 2000 жылы кәсіпорын Астана қаласында ашылды.
Қазіргі таңда компания Қазақстандағы ауыз су шығаратын ірі кәсіпорын саналады. «Хрустальная» суы №9 және №22 ұңғымалардан алынады. Ұңғымадан кейін су тазалаудың 7 сатысынан өтеді. Мөлдірлігі мен дәмі жағынан ерекшеленетін «Хрустальная» суы жер астындағы су сақтағыштан алынады, ал оны тазалау технологиясы озық қағидаға негізделген. Жер астына жүріп жататын күрделі процестерді жасау мүмкін болмағандықтан, табиғи судың бірегей құрамын сақтап қалу да мүмкін емес. Алайда ЖШС табиғи жер асты суын бастапқы мөлдір күйінде жеткізуге талпыныс жасап, бар болғаны құрамына жеңіл өзгерістер енгізеді.
Компанияның өнімдері ультразаманауи технологиялар мен жаңа құрылғыларды пайдалану арқылы дайындалады. Су әр кезең сайын тексеріледі, бұл оның жоғары сапасына кепілдік береді. «Хрустальная суы» сауда маркасы сертификатталған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: