«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-тізілім» бірегей жоба болып отыр

2016 жылғы 27 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
4870 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің 8-ші отырысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды

Күн тәртібінде – алты мәселе. Олардың негізгілері: әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік жобаны іске асыру, Палатаның жанынан құрылған Бухгалтерлер клубының таныстырылымы, бизнес субъектілерін бизнес-тізіліміне тіркеу және кірістерге салық салуды жетілдіру.

Бірінші мәселе бойынша бизнес-ханымдарда сұрақ болмағанымен, соңғы екі жайт қызу талқыланды. Мәселен, жақында облыс кәсіпкерлері мынадай жағдайға тап болды: ресейлік әріптестері олардан жұмыс істеп тұрған бизнес субъектісі екендігін растайтын анықтамалар сұрата бастаған. Іскер әйелдер кеңесінің хатшысы Ольга Цымбалюк түсіндіріп өткендей, ол құжатты «Бизнес-тізілім» жобасына тіркелу арқылы алуға болады екен.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнес-тізілім» атты бірегей жобаны іске қосты. Ол Қазақстанның бизнесі туралы ақпараттық база. Бизнес-тізілімде Қазақстанның тауар өндірушілері, тауарлар мен қызмет түрлерін жеткізушілер, Қазақстанның тауарлары туралы мәліметтер бар. Базада қазіргі таңда 350 мыңнан астам тауарлар мен қызмет түлерін жеткізушілер, 330 мыңнан астам тауар, 4 мың отандық тауар өндіруші туралы ақпарат тұр», – деп атап өтті ол.

Одан бөлек, порталдың іске қосылуына байланысты кәсіпкерлерге тегін тіркелу мүмкіндігі берілген. Бұл кәсіпкерлерге жаңа әріптестер, жеткізушілер, сондай-ақ клиенттер табуға мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде, сатылым көлеміне оң ықпал етеді. «Мына бір тұсқа назар аудартқым келеді: соңғы кезде жекелеген ресейлік компаниялар қазақстандық кәсіпкерлермен шарт жасаған кезде сол компанияның бизнес субъектісі екендігін растайтын қандай да бір анықтамалар талап ете бастады. Мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлік оларды қанағаттандырмай отыр. Мұндай жағдайда сіздерге «Бизнес-тізілімнен» алған үзінді көшірме көмектеседі. Оны өздеріңіз жасап ала аласыздар немесе тізілімді әзірлеушілерден көмек сұрауларыңызға болады. Айта кетерлігі, тізілімнің үзінді көшірмесі өтеусіз негізде жүргізіледі», – деп сөзін түйіндеді Ольга Цымбалюк.

Екінші мәселе салық салуға қатысты болды. СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Лина Ермолаева салық саясаты мен салық және кедендік әкімшілік ету мәселелеріне қатысты қолданыстағы заңнаманың негізгі бағыттары туралы айтып берді, олар:

  1. Қосымша құн салығы бойынша есепке қою үшін төменгі шектік мәнді біртіндеп төмендету;
  2. Барлық салық төлеушілерді электронды шот-фактуралар енгізуге міндеттеу;
  3. Ақшасыз айналымды ынталандыру;
  4. Отандық және шетелдік тауарлар үшін ҚҚС-тың бейтараптығын қамтамасыз ету.

Салық салу мәселесі әрдайым өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Кеңестің арқасында кәсіпкер әйелдер барлық қажетті ақпараттарды жедел алып, оларды басқаларға тез жеткізе алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер