«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Kaz-Ir Agro» ЖШС

2016 жылғы 26 Қазан
4642 просмотров

Өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің «Үздің азық-түлік тауарлары» аталымының екінші дәрежелі дипломанты

«Kaz-Ir Agro» ЖШС 2006 жылы құрылған. Басты жұмыс бағыты – ауылшаруашылық дақылдарын өсіру. 2009 жылы компания ҚР нарығы үшін қалдықсыз инновациялық өнім – сафлор майын шығару арқылы жұмыс ауқымын кеңейтті. Май шығаруға қажетті тұқым ұзақ мерзімді жалға алу құқығындағы егістік жерлерде өсіріледі. Одан бөлек, компания жергілікті ауылшаруашылық тауарларын өндірушілермен тығыз әріптестік орнатқан.

Отандық өндірушілер арасында сапасы жағынан «Kaz-Ir Agro» ЖШС шығаратын сафлор майының баламасы жоқ, өйткені отандық өнімнен шығарылатын экологиялық таза өнім, құрамына бояуыштар және басқа да қоспалар қосылмаған.

Майлар германиялық заманауи жоғары технологиялық құралда дайындалады. Ал салқындай сығу технологиясы оның пайдалы құрамын барынша сақтап қалуға мүмкіндік береді. Компанияның өнімдері АҚШ пен Иранға экспортталады.

«Kaz-Ir Agro» ЖШС-да қалдықсыз технология жолға қойылған, өйткені өндірістің қосымша өнімі – сафлор жомы мал өсіру нарығында сұранысқа ие.

ЖШС EXPO MILANO 2015 көрмесінің қарсаңында өткен «Халық Маркасы» байқауына қатысып, «Сұйық май» аталымында бірінші орынды иеленді. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесіне де тұрақты қатысып тұрады.

Аталған ЖШС шығарған өнімдер нарықта жоғары сұранысқа ие, өнімді өткізу көлемі артып келеді, бағасы да қолжетімді. Жергілікті құрамның үлесі – 100%.

Кәсіпорын ИСО 9001-2008 талаптарына сәйкес сертификат алған. Қазіргі таңда қайта сертификаттау жүріп жатыр.

Кәсіпорында 40 жұмысшы істейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер