«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Қадірбаев Ә.Ө.» ЖК

2016 жылғы 24 Қазан
6128 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша үшінші дәрежелі дипломанты

Жеке кәсіпкер Қадірбаев Әділхан Өтешұлы аң терісін және тон шикізатын өндіру нарығында 2007 жылдан бері еңбек етіп келеді. Олар теріден жасалған тондардың, халық тұтынатын тауарлардың сан түрін шығарады.

Өнімнің негізгі түрлері: тондар, ішіктер, кеудешелер, аяқ киімдер және қолғаптар.

Шикізат өңдеу өндірісі толық циклға ие. Ол іс жүзінде қалдықсыз өндіріс дегенді білдіреді.

Шығарылған өнім сырт киім дайындау кезінде қолданылса, ал  өңделген тері аяқ киім өндірісінде пайдаланылады.

ЖШС шығарып отырған өнім таңбаланған, сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие және өндіріс көлемі артып келеді. Жергілікті қамту үлесі – 100%.

Кәсіпорын ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сай сертификатталған. Өндірісте 20 адам еңбек етеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер