«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жағдайы туралы Ұлттық баяндама

2016 жылғы 22 Қыркүйек
11200 просмотров

Ұлттық баяндаманы дайындау барысында мемлекеттік негіз құраушы құжаттар, халықаралық және отандық рейтингтер, қоғамдық мониторинг деректері, кәсіпкерлер мәселесінің тізілімі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен 16 өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшылары қызметінің қорытындысы, Ұлттық палатаға кәсіпкерлерден келіп түскен 13 000 өтініш зерделенді.

Бірқатар мақсатты зерттеу қолға алынды: 6250 кәсіпкер сауалнамаға қатысып, әр аймақтан бизнес-қауымдастықпен 9-15 терең сұхбат, жергілікті атқарушы билік, даму институттары, екінші деңгейлі банктер және өзге де салалардан сарапшылар қоғамдастығымен сұхбат жүргізілді.

Сарапшылар қоғамдастығымен сұхбатта ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институты, «Даму» қоры, «Қазмұнайгаз» АҚ, White and Case Kazakhstan, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы, McKinsey өкілдері қамтылды. Қосымша ҰКП қарамағындағы салалық комитеттермен және қауымдастықтармен, түрлі құрылымдық бөлімше мамандарымен сұхбаттар өтті.

Ұлттық баяндаманы ҰКП қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы әзірледі.

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жағдайы туралы Ұлттық  баяндаманың толық мәтінін РDF нұсқада көшіріп алуға болады.


Бұл Ұлттық баяндама бизнестің қазіргі түйткілді мәселерін және оларды шешу бағыттарын топтастырады. Оған 10 стратегиялық міндетті орындау бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП жұмысының нәтижелері, Кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерінің тізілімі, бизнес өтініштерін саралау, өңдеу өнеркәсібінің 2 мыңнан астам кәсіпорнын паспорттау қорытындысы, «Іскерлік ахуал – 2018» тәуелсіз рейтингі және экономика мен кәсіпкерлік саласында жүргізілген зерттеулердің тұжырымы негіз болды.

Ұлттық баяндаманы ҰКП қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы әзірледі.

Ұлттық  баяндаманың толық мәтінін РDF нұсқада көшіріп алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер