«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жүгері өсірудің өз жауапкершілігі бар

2016 жылғы 18 Тамыз
- Жамбыл облысы
9671 просмотров

Жамбылдық фермерлер жүгеріден жоғары өнім алу сырына қанықты

Қордай ауданында «Атамекен» ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығының ұйымдастыруымен, «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін тегін ақпараттық қолдау» мемлекеттік бюджеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді оқыту семинарлары өткізіліп жатыр.

«Жамбыл облысының шалғынды топырағында жүгері өнімінен мол түсім алу технологиясы» атты тақырыппен үш семинар Жамбыл облысы Қордай ауданының Сарыбұлақ ауылды округінде ұйымдастырылды. Іс-шараның теориялық бөлімі – Сарыбұлақ ауылының №31 орта мектебінде, ал тәжірибелік бөлімі – «Самғау» шаруа қожалығында өтті. Аталған семинарға барлық жақын ауылдық округтерден шаруа қожалықтарының басшылары жиналды.

Семинарға қатысушыларға арнап ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жүгері және құмай бөлімінің меңгерушісі Омарова Айман қызықты дәріс оқыды. Сарапшы топырақтың түріне байланысты өсіру технологиясына кеңінен тоқталып, жүгеріні пайдаланудың мәні мен мазмұнын атап өтті. Сондай-ақ дәріскер жүгері будандарының түрлері, топырақ түрлеріне байланысты суару және тыңайтқыштар пайдалану арқылы жоғары өнім алу технологиясы, зиянкестермен, арамшөптермен тиімді күрес жүргізу әдістері, жүгері өндірумен айналысатын АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы да баяндап берді.

Семинардың тәжірибелік жалғасы «Самғау» шаруа қожалығында өткенін жоғарыда келтірдік.

«Бұл шаруа қожалық семинардың тәжірибелік бөлімі үшін кездейсоқ таңдалған жоқ, - дейді семинар ұйымдастырушысы, Қордай аудандық филиалының директоры Ержан Әден. – Агроқұрылымның басшысы Евгений Трубников семинардың тақырыбына өзі қызығушылық білдірді. Өйткені алған білімі болашақта жүгері өндіру ісінде қажет болады».

Шаруашылықтың жүгері алқабында тәжірибелік сабақты жүргізу үшін Украина ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «A.I.K.» компаниясының бас агрономы Валентин Дьяченко шақыртылды. Ол тамшылатып суару әдісіне кеңірек тоқталып, оның жүгеріні егу мен өсіру барысындағы пайдасы туралы  түсіндіріп берді.

Семинар соңында қатысушыларға аранайы сертификаттар табыс етілді.


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Асыл тұқымды малға күтім қажет
6 Қыркүйек
2016
Қостанай облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы
«Қарбыз еліне» саяхат
5 Қыркүйек
2016
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер