Алматыда үздіктер анықталады
11-12 тамыз аралығында Алматы қаласында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді
Көрмеге отандық өндірістің үздік тауарлары қойылады. Атап айтқанда: жеңіл өнеркәсіп және тамақ өнеркәсібінің өнімдері, жұмсақ жиһаз, көлік құралдары, өндірістік жабдықтар.
Жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталады: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Кейін 9 компания (үш аталым бойынша үш жеңімпаз) Алматы қаласының атынан Республикалық байқауға қатысады.
Биыл «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысуға қаланың 83 компаниясы өтініш білдірген: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша – 32 компания, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша да – 32 компания, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша – 19 компания. Олардың ішінде 15 компания – 250 адамды жұмыспен қамтып отырған ірі бизнес субъектілері, 24 компания – 50-ден 250-ге дейін қызметкер еңбек етіп жатқан орта кәсіпорындар, 44 компания – 50 адамға дейін жұмыскері бар шағын бизнес компаниялары (оның ішінде 10 жеке кәсіпкерлік).
Конкурстың басты мақсаты – сапа мәселерін шешу қажеттілігі мен халық арасында сапа идеясын кеңінен насихаттау үшін өнеркәсіпік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: