«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ең төзімді цемент осында шығарылады

2016 жылғы 08 Тамыз
- Жамбыл облысы
8961 просмотров

Қазақстан мен Франция бірлесіп салған «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС – кәсіпкерлер арасында өтетін облыстық және республикалық байқаулардың тұрақты қатысушысы және бірнеше мәрте жеңімпазы

Биыл компания «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысып отыр. Зауыттың бірегейлігі неде? Бұл өндіріс қоршаған ортаға қауіпті ме? Қазақстандықтар бірлескен компанияда қалай жұмыс істейді? Осы және өзге де мәселелер жөнінде біз компания директоры Пьетро Кала мырзамен әңгімелестік.

– «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС – бұл алғашқы қазақстан-француз бірлескен цемент зауыты. Оның бірегейлігі неде және  біздің өңір, тұтас ел экономикасы үшін оның маңызы қаншалықты?

– Бүгінгі таңда бұл құрғақ тәсіл өндірістік технологиясын жолға қойған Қазақстандағы ірі зауыттардың бірі. Бұл технология 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі инновациялық-индустриалдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы басым жобалардың бірі саналады. Экономикалық маңызды нысандар қатарына енгендіктен, зауыт құрылысын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бақылады. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 1,4 миллион тонна цементті құрайды. Бұл күннен-күнге өсіп келе жатқан қазақстандық нарық сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік бермек. Цемент зауыты Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында орналасқан.

Зауыт ҚТЖ-ға жалғанған жеке темір жол терминалымен жабдықталған және көлемді жеткізілімдерді тікелей делдардарсыз және аралық баға қосусыз қамтамасыз ете алады. Өндірілген цемент сапасы қазақстандық және еуропалық сапа стандарттарына сай келеді. Жеке темір жол паркі цементті Қазақстанның кез келген жеріне жеткізу мәселесін тез әрі сапалы шешуге мүмкіндік береді. Жүктелім қапсыз, қаппен және биг-тегпен жүзеге асырылады. Зауыт Алматы-Астана автожолына және темір жол магистраліне жақын жерде орналасқан. Сонымен бірге, терминалдардың тармақты желісі жеткізу және тиеу мәселесін жедел түрде шешуге мүмкіндік береді.

– Егер бұрын зауыттар салғанда кіріс пен жұмыс орындарының санына ғана көңіл бөліп, өндірістің қоршаған ортаға қауіпсіздігі мәселесіне назар аудармайтын болса, бүгінде жағдай түбегейлі өзгерген. Экологиялық кодекстің қабылдануы, Киот хаттамасына қосылу – мұның бәрі елде қоршаған қоршаған ортаға қауіпсіздік мәселесі маңызды мәнге ие болып келе жатқандығының белгісі. Бұл жайт сіз үшін маңызды ма, соған тоқталсаңыз?

– Әлбетте. Өндірісте қоршаған ортаны қорғау бойынша алдыңғы қатарлы технологиялар жолға қойылған және белсенді түрде қолданысқа енген. Зауыт толығымен экологиялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік нормалар мен талаптарға жауап береді.

Кәсіпорында жеке сынақ зертханасы жұмыс жасайды. Цемент сапасы сағат сайын бақыланады. Кәсіпорын өнімі міндетті мемлекеттік сертификациядан өткен. Зауыт өнімдері сипаттамалары Қазақстан Республикасы нормаларына толық сәйкес, өндірілетін тауар түгелдей Қазақстаннан шығады.

– Зауытта цементтің қандай маркалары шығады?

– Дайын өнімдер номенклатурасында Портландцемент 400 Д20 және Портландцемент 500 Д0 бар. Әмбебап ПЦ 400 Д20 маркалы цемент беріктігімен және икемділігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге, ол аязға және суға төзімді. ПЦ 400 беріктік көрсеткіші саналады, одан жасалған бетон өнімдері 400 кг/см2 дейінгі жүктемені көтере алады; Д20 берік және икемді бола түсу үшін цементке қосылатын қоспалар барлық көлемнің  20%-ын құрайтынын көрсетеді. ПЦ 500 маркалы цементтен жасалған бұйымдар жоғары беріктігімен, төзімділігімен, температураның ауытқуларына, су және коррозияға шыдамдылығымен ерекшеленеді. ПЦ 500 беріктік көрсеткіші саналады, одан жасалған бетон өнімдері 500 кг/см2 дейінгі жүктемеге шыдай алады; Д0 цемент құрамында қоспалар жоқ екенін көрсетеді. Бұл құрылыстағы ең танымал цемент маркасы.

– «Бәрін шешетін – кадрлар» деген сөз қазіргі кезде де өзектілігін жоймаған. Қызметкерлеріңіз үшін қандай еңбек жағдайлары жасалған? Зауытта қанша адам еңбек етеді?

– Бүгінгі таңда компанияда мердігерлік ұйымдар қызметкерлерін қоспағанда 247 адам еңбек етеді. Компания жұмысшыларды оқыту және біліктілігін арттыру мәселесіне көп назар аударады. Компания негізгі инвесторы – Vicat француз тобының білікті мамандары ішкі тренингтер өткізіп отырады. Барлық техникалық мамандар мен инженерлер үшін міндетті оқыту және біліктілікті арттыру курстары, қызметкерлерді қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша оқыту қарастырылған. Жоспардан тыс, жеке, ұжымдық (топтық) оқытулар қаржыгерлер, заңгерлер, сатып алулар мен логистика жөніндегі мамандарға арнап жүзеге асады. Компанияның әр қызметкері жақсы әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген, оған міндетті медициналық сақтандыру, қолайлы тұрғынжай және 4-реттік тамақтану (зауыт қызметкерлері үшін), сонымен бірге түрлі жеңілдіктер мен жәрдемақылар кіреді.

– Бизнеске арналған түрлі байқауларға қатысуға қалай қарайсыз? Марапаттар бар ма?

– Компания жыл сайын түрлі байқаулар мен көрмелерге табысты түрде қатысады. Тек 2015 жылы ғана біз «Үздік салық төлеуші», «Сала көшбасшысы-2015» сертификаттарына ие болдық. 2013-2014 жылғы саралау нәтижелері бойынша кәсіпорын Қазақстан Республикасындағы ОКЭД 23.51.0 рейтингінде «Жеке кіріс салығы» критериі бойынша бірінші орынға ие болды. Сонымен бірге, 2015 жылы біз «2015 жылдың үздік басшысы» сертификатына қол жеткіздік. Бұл сертификат алға қойған міндеттерді адал орындағаны үшін, үздік еңбек жетістіктері үшін, кәсібилігі және компания мен ұжым мүддесіне адал болғандығы үшін беріледі. 2014 жылы біз «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша үшінші дәрежелі дипломына ие болдық; 2013 жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша бірінші дәрежелі дипломына ие болдық; Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен инвестициялық қызмет үшін марапат, моноқаладағы жобаны жүзеге асырудағы инвестициялық белсенділік үшін дипломға ие болдық.  2001 жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша бірінші дәрежелі дипломын алдық.

– Мақтануға тұрарлық! «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысты жоспарыңыз қандай?

– Жоғарыда айтып өткенімдей, компания «Қазақстанның үздік тауары» байқауына жыл сайын қатысады. Байқау бізге қызметімізді жетілдіру бойынша өзімізге баға беру, өзге қатысушы кәсіпорындар жұмысын шынайы бағалау мүмкіндігін, сонымен бірге бизнестегі түрлі жаңалықтарды білуге мүмкіндік береді. Бұл, сөзсіз, үлкен артықшылық болып саналады.  

– Сұқбатыңыз үшін үлкен рақмет! Алдағы байқауда сәттілік тілейміз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер