«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс нарығын жаулаған өнім

2016 жылғы 08 Тамыз
- Жетісу облысы
6842 просмотров

«Рыбпром» балық өңдеуші кәсіпорындар арасында көшбасшылық орнын сақтап қалуда

Жетісулықтар «Рыбпром» ЖШС-ны мақтан тұтады. 15 жыл ішінде компания балық өнімдерін өндіру бойынша негізгі экспорттаушыға айналған. Ең бастысы, олар барлығын отандық шикізаттан жасайды. «РыбПром» ЖШС балық өңдеу кәсіпорындары Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Зайсан көлі, Қапшағай және Бұқтырма секілді су қоймаларынан алынған шикізатты пайдаланады. Құрылғалы бері компания балық ұстау, балықты өңдеу жөнінде цех құрылысын ұйымдастыру жобаларын сәтті жүзеге асырып, қызмет етуде. Сонымен бірге, кәсіпорын су қоймаларындағы балық қорларын толтыру мақсатында жасанды балық көбейту материалдарын жасаумен айналысады.

Компанияның жұмыс сапасы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында жоғары бағаға ие болған. Былтыр «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша өзге қазақстандық компанияларды шаң қаптырып, бірінші орынға ие болған. Қазір «Рыбпром» өнімнің 75 түрін шығарады.

Мыңнан жүйрік болу оңай емес. Бірақ «Рыбпром» мұның олай емес екенін дәлелдеп жүр. Мәселен, компанияның екі кәсіпорнына арнайы есептік нөмірлер берілген. Бұл нөмірлер өнімді алыс шетелдерге экспорттауға мүмкіндік береді. Өндіріске ISO және HACCP менеджмент жүйелері енгізілген (тәуекелдер мен сын бақылау нүктелерін талдау).

«Сонымен бірге, бүгінде біз Қазақстандағы балық өңдеу кәсіпорындарының ішінде IFS сертификатын (халықаралық азық-түлік стандарты) алған жалғыз кәсіпорынбыз. Бұл сертификат өз өнімдерімізді Еуропа және Солтүстік Американың сауда кәсіпорындарына делдалдарсыз жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үлкен жауапкершілік, десек те бұл әлемдік сертификациялау органдарының бізге деген сенімін білдіреді», – дейді компания өкілдері.

Сондықтан, сатып алушылардың үдесінен шығу үшін мамандар өнімнің тауарлық келбеті мен сапасын жақсарту жолында үздіксіз жұмыс жасап келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер