«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бастысы - сапа

2016 жылғы 29 Шілде
9362 просмотров

Тың серпінмен дамып жатқан сауда-өндірістік фирма сапалы әрі заманауи өнімдерге деген сұранысты қанағаттандыруға талпынуда

Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібі – Қазақстан экономикасының көп салалы әрі инновациялық жағынан тартымды секторы. Аталған сала өндірушілерінің бірі – Баян Абдуллаева. Баян жеке адамдарға киім тігудің шебері ғана емес, осы қызмет саласында мол тәжірибесі бар жан. Ол өндірістегі бизнес саласында да, үй тоқымасын сату саласында да, клиент тарту мен жеке адамдарға киім тігуден табыс табу жағынан да мол тәжірибе жинақтаған.

Бүгінде «Абдуллаева Б.Б.» ЖК – төсекжапқыштар, жастықтар мен өзге де бұйымдарды тігумен және сатумен айналысатын болашағы жарқын сауда-өндірістік фирма.

Бизнесвуменнің айтуынша, оның өнімдерінің бірегейлігі – олардың жоғары технологиялық құрылғылармен тігіліп, сапа стандарттарына сай келуі. Жамылғылар мен жастықтардың іші табиғи материалдармен де (түйе жүні), мақта, синтепон, холофайбер, полиэфир сияқты жасанды материалдармен де толтырылады екен. Шыт, сәтен, түріктер өндіретін әдемі атластар сияқты сапалы мақта маталары қолданылады. Өндірістің келесі бір бағыты – құрақ көрпелер тігу. Бұл іс шыдамдылықты, табандылық пен ықтияттылықты талап етеді. Құрақ көрпе тіккенде жекелеген бөліктерді бүтін етіп біріктіру – күш береді екен, сондай-ақ ол бірігудің символы.

Кәсіпорын өзінің клиенттік ауқымын анықтап үлгерген.

«Нарықта өнімді бірінші күннен-ақ қабылдағандары қуантады әрі күн өткен сайын клиенттеріміздің саны артып келеді. Бүгінгі таңда біз Қазақстанның көптеген өңірлерінен тапсырыс қабылдаймыз. Біз әрдайым өнім түрлерін көбейтіп, сапалы әрі заманауи тауарға деген жылдам артып жатқан сұранысты қанағаттанудыруға тырысып жатырмыз, – дейді Баян Абдуллаева. – Біздің мақсатымыз – қазақ халқының барлық тарихи дәстүрлерін сақтай отырып, заманауи ұлттық бұйымдар тігу, сондай-ақ заманауи әрі бәсекеге қабілетті өндіріс құру».

Биыл кәсіпорын республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуды жоспарлап отыр. «Отандық тауарлар әділ түрде қолдау тауып, компанияның табысы дұрыс бағаланады деген сенімдеміз», – дейді Б.Абдуллаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер