«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әуестік мамандыққа айналғанда

2016 жылғы 22 Шілде
- Павлодар облысы
9225 просмотров

Аз нәрсе атқарылған жоқ. Бірақ істелер дүние одан да көп. Бастысы мақсат қойып, соған ұмтылу. Бұл – жас әрі келешегі зор Ақсу қаласының кәсіпкері Владимир Гелеверьдің ұстанымы

Ақсулық «Кулибин» өндірістік газ өлшейтін құрылғы шығарады. Қазақстанда мұндай құрылғыны тек екі кәсіпорын шығаратынын атап айтқан жөн. Соның бірі Владимир Гелеверьдің өндірісі. Өзінің ойлап тапқан құрылғысын ол «ГК-Ветер» деп атаған. Жылу құрылғылары газдағы оттегіні өлшейтін тұтас компонентті жабдық. Мұндай құрылғыны қолдану жылу электр стансаларына отын шығынын азайтуға көмектеседі. Ауаға таралатын зиянды заттардың бөлінуін азайтады.

«Правиком» ЖШС биыл бірінші рет «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысып, «Өндірістік саладағы үздік тауар» аталымы бойынша үшінші орынды жеңіп алды.

Әуестікті қалай мамандыққа айналдыруға болатыны туралы, өз қабілетінің табыс сыры жайында қазақстандық газөлшегіш құрылғылар өндірісінің көрнекті өкілі айтып берді.

- Владимир Васильевич, осындай кәсіп ашуға не түрткі болды?       

– Нәтижесі. Ең алдымен өзіме осындай нәрсені жасай алатындығымды дәлелдегім келді. Біреулер, басқа бір жақтың жасағаны емес, өзіміздің, өз қауқарымызбен жасағанымыз маңызды болды. Халықта бір жақсы мақал бар, ер туған жеріне тартады деген сыңайлы. Бұның барлығы тек кәсіп ашып, қыруар ақшаның астында қалсам деген дәмемен мүмкін болған жоқ. Менің арманым – өз әрекетімен туған жеріме, осы өңірге бір пайдасын тигізетіндей компания ашсам болды. Бәлкім, ары қарай тұтас ел аумағына да жетерміз.

– Сонымен, бәрі неден басталған еді? Газ талдайтын құрылғы деген не?  Оның не керегі бар?

– Компания 2013 жылғы ақпан айынан бастап жұмыс істеп келеді. Қысқа мерзім ішінде «отандық өндіруші» деген атты иемдендік. Оған өзіміздің ойлап тапқан құрылғымыз – оттегі газын талдайтын «ГК-Ветер» атты дүниеміздың арқасында қол жеткіздік. Алдымен екі құрылғыны құрадық. Олар оттегінің құрамын өлшеді. Зерттеу үйде жүргізілгендіктен, интернеттегі самсап тұрған көптеген ақпаратты да, қағаздағы мағлұматтарды да талдауға мүмкіндік болды. Жасап шығару мен өнімді өндірудегі басты басымдық: бағасы мен сапасына мән беру керек болды. Атауын бірден қойдым. Құрылғы оттегіні өлшейді. Онда «Жел» болады дедік. Сондықтан «ГК-Ветер» деп атадық.

– Алғашқы нәтижесі қандай болды? Қазіргі нарықта сұранысы қандай?

– «ГК-Ветер» біз қамтыған уақыт ішінде Ақсу және Павлодар қалаларындағы жұмысын адал атқарған соң қорықпай айта беруімізге болады – құрылғы өте қарапайым, миды ашытпайды. Ең бастысы, ауа райының құбылмалылығына төзімді келеді. Оның басты қасиеті: үздіксіз жұмыс жасай беретіндігінде. Газдың өзгеруіне байланысты дереу белгі береді. Нәтижені цифрмен көрсетеді және тоқ жүретін сыммен жүргізеді. Ұзақ мерзімге қызмет көрсетеді. Механикалық бөліктері жоққа тән. Қоршаған ортаның ыстық температурасына төзімді. Энергоблоктардың құрылғыларымен қатар жұмыс істей береді. Құру, қосу өте оңай.

Сұраныс бар. Біздегідей газ өлшегіш Қазақстанның көптеген жылу электр стансаларында қолданылады. Қазақстанда мұндай өлшеуіш құрылғыны іске қосып жатқан біздің газ өлшеуіш құрылғы үлкен жаңалық болды. Қазір қолымызда көп компетентті жаңасын даярлап жатырмыз. Бұл нарық негізінен ресейлік және еуропалық құрылғыларға толып тұр. Көптеген қазақстандық кәсіпорындар негізінен шетелдік құрылғыларды тұтынады. Дегенмен, біздің газ өлшеуіш құрылғымыз оларға дес бермейді. Бағасы да төмен. Сапасы жоғары. Кейбір импорт құрылғылдардан артықшылығы да жоқ емес.

– Бұрындары «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысып көріп пе едіңіздер? Мұндай байқауға қатысу бизнеске не береді деп ойлайсыз?

– Биыл біз бірінші рет қатысып көрдік. Өңірлік байқауға қатыстық. Үшінші орынды иелендік. Біз үшін аяқ астынан келген зор қуаныш болды. Онда қатысқан компаниялардың барлығы лайықты өнімдерін ұсынып жатқан. Байқауға қатысу – ең алдымен жетістікке жетелейтін ұран сияқты. Қалғаны да бизнес үшін пайдалы үдерістер. Біз бір құрылғымен шектеліп қалғымыз келмейді, әрине. Өзіміздің құрылғылардың сапын көбейтіп, өндірісті ұлғайта бермекпіз. Біздің тауарлардың қазақстандық нарықты жаулап алуына қолдау көреміз деген үмітіміз бар. Үш жыл ішінде көп нәрсе үйрендік, тәжірибе жинадық. Енді тек еңбектенуіміз керек. Жоспарларымызды жүзеге асыруымыз қажет.

– Кәсібін жаңадан бастаған жандарға қандай кеңес берер едіңіз?

– Қиындықсыз өмір жоқ. Бұл шындық. Оны еңсере білу керек. Кәсіпкер үздіксіз ізденіп отыруы керек. Жеткен жерінен ары қарай одан да зорына ұмтыла беруі тиіс. Бойды буған үрейді сейілтіп, нақты мақсаттар қойып, соларға жету керек. Қиын әрине, бірақ жетуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер