«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атына заты сай!

2016 жылғы 21 Шілде
- Павлодар облысы
7803 просмотров

Бұлжымас мықты сапа – «SMAK-PV» ЖШС-нің ең басты ұстанымы. Мұндағылар компанияның беделі мен тұтынушының сенімі – бизнесте ең маңызды екендігіне бек сенеді

Павлодар нарығындағы «SMAK-PV» ЖШС көп жылдан бергі адал еңбегінің арқасында тұтынушылар сенімінен шыға білді. Кәсіпорынның ұраны – атына заты сай болу. Сенімді болу, өнімді сапалы шығару, міндеттерін жауапкершілікпен атқару.

«SMAK-PV» ЖШС өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінде «Ең үздік азық-түлік тауары» атылымы бойынша бірінші орынды иемденді.

Кәсіпорынның жетістігі туралы компанияның промо-менеджері Константин Карпов бөліседі.

– Константин Борисович, айтыңызшы, фирмаларыңыз қашан  ашылған, кәсіпорынның аты затына сай ма?

– «SMAK-PV» ЖШС 1999 жылдың  1 қарашасынан бері жұмыс істеп келеді. Осы күннен бастап кәсіпорынымыздың тарихы бастау алады. Атын ең алғашқы әрі танымал болған брендімізбен атағанбыз. «Смак» атты сауда маркасымен таралған тұшпаралар нарыққа шыға салысымен елдің сұранысына ие болды.

Біз өнімнің 45 түрін шығарамыз. Тұшпара, құймақ, тефтель, хинкали, котлет, фрикаделька, манты, вареник, тартылған ет және т.б. Таңдау көлемі жыл сайын көбейіп жатыр. Біздің өнім тек Павлодарда ғана емес, республиканың барлық өңірлерінде танымал. Кәсіпорынның негізгі бағыты – жартылай фабрикаттарды шығару. Оны дайындау кезінде көпұлтты Қазақстанның талғамына ерекше мән береміз.

Ең үздік қазақстандық өндірушілердің ең сапалы етін аламыз. Заманауи технологияларды қолданамыз. Жоғары сапалы құрылғылар іске қосылған. Сапаны бақылау жүйесін күн өткен сайын жетілдіріп жатырмыз. Осының арқасында елдегі көшбасшы орынға шығып келеміз. 

– Осынша жыл ішінде қандай жетістіктерге жеттіңіздер?

– Біздің фирма Қазақстанның ірі қалаларындағы сауда орталықтарымен тығыз байланыста. Фирмалық дүкендеріміздің де торабы кең таралған. Фирмамыздың тауары танымал, тұтынушылар арасында зор сұранысқа ие. Өнімдер ашық түсті көркем қаптамаға салынады. Оны дүкен сөресіндегі өзге өнімдерден  айырып алу оңай. Жартылай фабрикаттарды таситын көліктер де, сауда орталықтарында орнатылған мұздатқыштар да біркелкі безендірілген.

Кәсіпорын бір орында тұрған жоқ. Кәсіби жетістіктерге ұмтылып жатыр. Өзге бағыттардағы қызығушылығын кеңейтумен шұғылданып жүр. Сапаны арттырып, келешекке қызмет етіп жатыр. Біздің өнімнің сапасын ресейлік тәттілер мен балмұздақ сататын өндірушілер де жоғары бағалап отыр. «Новосибхолод» ААҚ, «Гроспирон», «Полярис» және «Мирэль» сауда маркасы «Павлодарский Смак» фирмасына сенім артып, өз өнімін Қазақстанда сатуға рұқсат беріп отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында біздің серіктестеріміз: «Рамстор Қазақстан», «Magnum cash&carry», «МЕТРО Кэш энд Кэрри» танымал фирмалар.

Біз «Халық Маркасы», «Қазақстан Халал» сертификаттарына,  «Халық Маркасы 2015» сапа белгісіне, «Мінсіз» Халықтық сапа белгісіне иеміз, өткен жылдарғы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының жүлдегеріміз, «ПитерФуд» атты Санкт-Петербург қаласындағы тамақ фестиваліне қатыстық.

– Кәсіпкерге «Алтын сапа» байқауына, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысу не береді?

– Біз бұл байқауларға 2005 және 2006 жылдары қатысқанбыз. «Дәстүрге беріктік» және «Фаст фуд» номинациялары бойынша жеңіске жетіп, диплом алғанбыз. Бұл байқауға қатысудағы алғашқы тәжірибеміз.

Өз еліміздің патриоттары ретінде біз серіктестеріміз бен бәсекелестеріміздің ортасында осындай байқауларға қатысуды насихаттаймыз. Қазақстанның ішкі-сыртқы нарығындағы тұратықтылық кепілі – сапалы және бәсекеге қабілетті өнім.

Екіншіден, жетіліп келе жатқан, келешекке жоспары көп кәсіпорын ретінде біз үшін мемлекет тарапынан осындай қолдау, алға жетелеу өте маңызды. Республикалық байқауға қатысу арқылы сапаны көтеру, соған ықтияттылық таныту керек. Біздің өңірде бізден де қуаты зор кәсіпорындар баршылық. Бірақ біз ұлттық идеяға басымдық беріп – сапаны өсіре отырып, ұлттық өнім жасап шығаруға ниет еттік.

Оған біздің брендтеріміз мысал бола алады. Мысалы, «Алтын той», «Мұсылмандық» деген тұшпара мен мантылар, биылғы «Қазақстандағы ең үздік тауар» байқауының жүлдегері атанған – «Жылқы етінен бешбармақ» бренді.

Етті біз Қазақстаннан сатып аламыз. Қазақстандық шикізат мөлшері 75%. Осы көрсеткішті көтеруге барымызды салып жатырмыз.

Кәсіпорынның дамуына қарай тұтынушылардың сұранысына ие болатын өзге де өнімдер шығармақшымыз. Биылғы жылы «этникалық белдеу» ашып, «Хуторские» варениктері мен «Кодунцы» деген тұшпара шығардық.

«Қазақстанның ең үздік тауары» мен «Алтын сапа» байқауларын ұйымдастырған жауапты адамдарға разылығымызды білдіргіміз келеді. Өңір кураторларына байқауға жауапты қарап, қатысушыларға қолдау білдіргендері үшін, өте тартымды, ақпараты мол семинарлары мен үнемі online кеңес беріп отырғандары үшін рақмет айтамыз.

Байқауға қатысушылардың бәріне, барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға ақ жол тілейміз! «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауы өз өндірісімізді жетілдіру бағытында баршамызды біріктіре берсін. Қазақстандық өнімнің сапасы арта берсін!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер