«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның үздік тауары: Өнім сапасы үшін күрес

2016 жылғы 13 Шілде
8140 просмотров

Облыстың 20 тауар өндірушісі өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысуға ниет білдіріп отыр

Кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысушыларға арналған сарапшы комиссияның отырысын өзкізді.

Облыстың тауар өндірушілерінен келіп түскен барлығы 20 өтінім қаралды.

Өңірлік Палатаның жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Серік Әбілтаевтың айтуынша, өткен жылғыдай биыл да ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін және «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысу үшін басты талап, алдымен, өндірілетін өнімнің сапасын қамтамасыз етуде жоғары нәтижелерге қол жеткізу, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапаны басқаруда тиімділігі жоғары әдістерді қолдану, халықаралық стандарттарды енгізу, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру.

«Алдыңғы қатарлы кәсіпкерлер жыл сайын республикалық байқауларға қатысып отырады. Өңірдің 20 кәсіпорны өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысуға өтінім берді. Соның ішінен «ERG Service» АҚ Павлодар машина жасау зауыт-филиалы, «Мир станков» ЖШС, «Чистая вода» ЖШС, «Агрофирма «Ақжар-Өндіріс» ЖШС сияқты облыстағы танымал кәсіпорындарды атап өтуге болады», – деді С.Әбілтаев.

Аталған байқаулардың маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ кәсіпкерлерді ақпараттандыру мақсатында облыстық Палатаның сарапшылары үміткерлерге арнап семинар өткізді. Семинарда қатысу тәртібі мен талаптары түсіндірілді.

Қатысушылар атап өткендей, семинар бизнесмендер үшін мол көмегін тигізіп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Одан бөлек, ҰКП сарапшысы Мәдина Мұқатова ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің өткізу тәртібін (есептер рәсімдеудің талаптары, материалдарды ұсыну тәртібі және т.б.) толыққанды түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ бизнесмендер EFQM еуропалық сапа сыйлығымен, өнім мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін табысталатын ТМД сыйлығымен, ұлттық және халықаралық сыйлықтармен танысты.

Үміткерлер үшін тағы бір маңызды мәселе – «Мүмкіндіктер» мен «Нәтижелер» өлшемдерін анықтау әдістері, өзін-өзі бағалау. Бұл жерде аталымдар бойынша байқау материалдарын бағалаудың әдістемелік тәсілдері зор маңызға ие.

Барлық дайындық материалдарын есепке ала отырып, өңірлік Палата сарапшылары байқауға ұсынылған материалдардың жоғары сапасына қарайды.

Сарапшы комиссияның бағалау нәтижелері осы жылдың 16 шілдесінде жарияланады. Жеңімпаздар жүлделермен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер