«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын компаниядан – ірі кәсіпорынға дейін

2016 жылғы 11 Шілде
6913 просмотров

«KATSA» ЖШС жақында өткізілетін өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне алғаш рет қатысқалы отыр

Бұрындары компания тауарлары мен көрсететін қызмет сапасы бойынша басқа кәсіпкерлермен бірде бір рет бәсекеге түсіп көрмеген. Компанияның шағын кәсіпорыннан толық циклді кешенге дейінгі өсу жолын «KATSA» ЖШС өндірістік бөлімінің бастығы Юлия Капустина баяндап берді.

– Компанияңыз туралы айтып беріңізші? Бұл бизнес қалай басталған еді?

– Бизнесіміз шағын карьері мен аз қуатпен жұмыс істейтін уатқышы мен іріктеуші жабдығы бар шағын компаниядан орасан кешені бар ірі компанияға айналды. Онда «Амангелді» кен орнының қиыршық тас пен құмының қоспасы өңделеді. Сондай-ақ, үш асфальт бетон зауыты, кең битум сақтайтын қоймасы, жол-құрылыс техникасының паркі бар. Бүгінгі таңда біз негізінен құрылыспен, Тараз қаласы мен Жамбыл облысы бойынша автомобиль жолдарын толықтай, орташа немесе ағымдағы жөндеу жұмыстарымен, қиыршық тас және құм қоспасын өңдеумен, қиыршық тас пен технологиялық қоспаны, жуылған құмды, ыстық және салқын асфальт бетонды қоспасын өндірумен айналысамыз. 2013 жылдан бастап қала мен облыстың автомобильді жолдарын салумен және жөндеумен айналысып келеміз.

Бүгінгі таңда «KATSA» ЖШС-нің жабдықталға өнеркәсіптік базасы, жөндеу шеберханалары, қазаны, автокөлік пен жол-құрылыс техникасының паркі, су айдайтын мұнарамен жабдықталған жеке артезиан ұңғымасы, кең ғимараты мен жұмыскерлерге арналған тұрмыстық кешені бар. Компанияда 85 адам жұмыс істейді.

– Сіздің ойыңызша, осы саладағы бәсекелестеріңізбен салыстырғанда сіздердің компанияларыңыздың артықшылығы неде? Болашақта компанияларыңыздың дамуын қалай елестетесіз?

– Біз шығарылып жатқан өнімдер мен атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына кепілдік береміз. Бизнесте дәл осы жайттың басты артықшылық екендігіне сенімдімін. Болашақта жол-құрылыс саласына арналған өнімдер шығаруды, республикалық ауқымда автомобиль жолдарын салумен, қайта қалпына келтірумен, толықтай, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен айналысуды жоспарлап отырмыз.

– Компанияларыңыз осыған дейін қандай байқаулар мен көрмелерге қатысып үлгерді? «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысу бизнеске не береді?

– Шындығын айтсақ, біз мұндай байқауларға бірінші рет қатысып отырмыз. Оған шексіз қуаныштымыз. «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысу мол мүмкіншіліктер береді. Бұл дегеніміз компанияны аталған өнімдерді тұтынушылардың үлкен тобының назарына ұсыну, болашақта тиімді келісім шарттар жасау үшін жаңа жеткізушілермен байланыс орнату. Байқаудан күтеріміз көп, біз тек қана жеңісті көздеп отырмыз!

– Ендеше, бірінші орын алуларыңызға тілектеспіз! Табыстарға жете беріңіздер!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер