Алтын сапа: «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» сыйлықтары кімге бұйырады?
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматы кәсіпкерлерін оқыту семинарына шақырады
2016 жылдың 29 маусымы күні Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын табыстау үшін өткізілетін байқау мен республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысуды жоспарлап отырған компания басшыларына арналған оқыту семинары өтеді. Семинар қатысушыларына байқау материалдарын дайындау бойынша кеңес беру-әдістемелік көмек көрсетіліп, сапа саласындағы халықаралық байқаулармен таныстырылады.
Семинарлар өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында бір ай бойы кесте бойынша 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларында өткізіледі. Өңірлерде өтетін семинарлардың кестесі мына сайтта жарияланған www.altynsapa.kz.
«Осынау беделді сыйлықты табыстау үшін өткізілетін байқауларға қатысуға тілек білдірген кәсіпкерлердің көбі көбінесе сауалнама, есеп-қисап толтырудың қарапайым талаптарын біле бермейді, материалдарды ұсыну тәртібін шатастырады. Қажет әрекеттерді түсіндіру үшін біз осы оқыту семинарын өткізіп отырмыз. Оған қатысқысы келетіндер Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына мына мекенжай бойынша қосымша өтінім берулері керек: Гоголь көшесі, 111, 504 каб. Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: (7272) 225-18-30 (ішкі 7525)», – дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Любовь Алексеева.
«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқаулары тамыз айында басталады: алдымен өңірлерде елдегі үздік тауар өндірушілер таңдалады, одан кейін жыл аяғында үздіктердің үздігі Астанада өзара бақ сынасады. Аталған сыйлықтар жаңа келіссөздер, іскерлік әріптестер табуда өзіндік сапа белгісін көрсетеді әрі тұтынушылар үшін өнімдер мен қызмет көрсету түрлерін таңдағанда басты белгіге айналады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: