«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Проблемаң болса, бізге кел!

2016 жылғы 10 Маусым
- Ақтөбе облысы
6347 просмотров

2016 жылдың басынан бері Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік қызметтің 125 субьектісі құқықтық көмек сұрап жүгінген

Олардың 54-і сарапшылардың арқасында шешімін тапты.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқановтың сөзінше, сарапшылар олардың 1 млрд теңгеден астам мүліктік құқығын қорғаған.

Атап айтқанда, Кәсіпкерлердің құқын қорғау жөніндегі кеңес үш отырыс өткізіп, онда 7 түйткілді мәселе қаралып, 5-уі оң шешім тапқан.

«Прокуратура жанындағы кәсіпкерлердің құқын қорғау жөніндегі штабпен бірлесіп, кәсіпкерлердің құқы бұзылғандығы туралы келіп түскен 22 дабылдың 17-сі шындыққа сай келетінін анықтадық. Мемлекеттік органдар тарапынан болып жатқан 46-дан астам заңбұзушылықтың жолы кесілді. 9 лауазымды тұлға әртүрлі жауапқа тартылды», – деп хабарлады Нұрлыбек Мұқанов.

Бұдан бөлек, Палата 23 жергілікті деңгейдегі, 17 республикалық деңгейдегі, барлығы 40 әкімшілік кедергіні анықтады.

Әйткенмен, аймақта бірқатар проблемалар әлі де өзекті болып қалуда. Мысалы, сарапшылар мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балаларды республикалық бюджет трансферті есебінен жан басына қаржыландыруды жиі көтеріп келеді. Оның көлемі қазір бұрынғыдай 20 мың теңге емес, 16 203 теңге ғана, бұл балабақша қызметкерлерінің еңбекақысы мен әлеуметтік аударымдарды жабуға ғана жетеді, ал білім ошағының басқа процестеріне жұқ болмайды. Басқа мәселелер де басы ашық күйінде қалып отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер