«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Асылбек Жәкиев: «Өңірдегі кәсіпкерліктің түйткілді мәселелеріне жедел үн қатуға тырысамыз»

2016 жылғы 09 Маусым
- Атырау облысы
7782 просмотров

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы құрылғаннан бері кәсіпкерлерден 2300 арыз келіп түскен

Үш жылдан бері атқарылып келе жатқан жұмыстың нәтижесінде 1,3 млрд теңгеге бизнесмендердің құқықтары қорғалды. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының 2014-2016 жылдарда атқарған қызметін қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында өңірлік палатаның директоры Асылбек Жәкиев мәлім етті.

«Үш жылдан бері біраз жұмыс атқарылды, мақтан тұтатын тұстарымыз да жоқ емес. Есептік кезеңнің статистикасы арыздар санының жылдан-жылға артқанын көрсетіп отыр. Сонымен, мәселен, Палата құрылған алғашқы жылы бизнесмендерден 736 арыз келіп түссе, 2015 жылы арыздар саны 1 151-ге дейін жетті. Осы жылдың бірінші тоқсанында-ақ 507 арыз келіп түсті. Бұл бизнес тарапынан Палатамызға деген сенім деңгейінің жылдан-жылға артып отырғанын көрсетеді. Барлық ауызша шағымдар бойынша сәйкесінше кеңестер берілді. Ал, жазбаша арыздарға тоқталар болсақ, үш жылдың ішінде барлығы 468 арыз түскен, соның ішінде 261-і бизнестің пайдасына шешілді. Өз қызметімізде біз өңірдегі кәсіпкерліктің проблемалық мәселелеріне жедел жауап қайтаруға, оларды ашық талқылап, шешудің жолдарын табуға тырысамыз. Жергілікті атқарушы органмен өзара іс-қимылды жолға қойдық. Яғни, әу баста алға қойған бизнес пен билік арасында көпір орнату туралы міндетіміз бүгінде орындалды деп ойлаймын», – деп атап өтті Палата басшысы.

Асылбек Жәкиевтің айтуынша, бүгінгі таңда өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыстың барлық кеңес беру органдарына, яғни бизнестің мүдделері сөз болатын барлық жерлерге енгізілген.

«Бұл өзекті мәселе. Атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне сүйене отырып, бүгінде бизнестің үні барлық негізгі комиссияларға жетеді деп айта аламыз, ол мейлі қаржы бөлу болсын, жекешелендіру, МЖӘ мәселелері және басқа да мәселелер болсын. Біз өз өкілдеріміз арқылы қажет болған жағдайда кәсіпкерлердің мүдделерін қорғай аламыз», – деп атап өтті баяндамашы.

Жұмыстың тағы бір сапалы көрсеткіші ретінде Кәсіпкерлер палатасының директоры құқықтары қорғалған кәсіпкерлердің сомасын атап өтті. Үш жылдың ішінде ол 1,3 млрд теңгеден асқан.

«Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау шеңберінде ӨКП-ның сотта бизнестің мүддесін қорғайтынын атап өткіміз келеді. Осы жылдың бірінші тоқсанында біздің заңгерлер бірден төрт дерек бойынша талап-арыздарды кәсіпкерлердің пайдасына шешіп берді. Бизнестің қорғалған мүдделерінің жалпы сомасы 451 млн теңгеден асты. Сонымен, мәселен, осы жылдың 31 наурызы күні Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының заңгері Жоғары сотта кәсіпкердің мүддесін қорғады. Отырыс қорытындысы бойынша «Восток» ЖШС-на қатысты бірінші, аппеляциялық, кассациялық инстанциялардың қаулылары мен 3 964 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салуды жою туралы шешім қабылдады. Мұндай деректер аз емес», – деді Асылбек Жәкиев. 

Жетістіктерден бөлек, Палата директоры бүгінгі таңда кездесетін проблемаларға да назар аударды. Тұрақты түрде жүргізіліп тұратын талдау кәсіпкерлер үшін жер мәселесінің өзекті болып қалуын көрсетіп отыр.

«Мұндағы бизнес үшін негізгі мәселе – жергілікті атқарушы органдардың Жер кодексі талаптарын орындамауы. Мәселен, аукциондар өткізу туралы талап бар. Бүгінде қала әкімдігі бұл бағытта баяу жұмыс істеуде деп нақты айтуға болады. Бұған статистика дәлел, бұл туралы кәсіпкерлердің өздері де айтуда. Мәселен, 2015 жылы облыста коммерциялық мақсатқа жер телімдерін беру бойынша барлығы 4 аукцион ғана өткізілді. Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша әлі бір де бір аукцион өткізілген жоқ. Мұндағы жалғыз шешім – қала мен аудан әкімдіктері аталған жұмысты белсендірек атқаруы үшін біз облыс әкімдігіне хат жолдауды жоспарлап отырмыз, өйткені бизнес жер қатынастары саласында айтарлықтай мәселелелерге тап болып отыр. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Жер кодексіндегі веб-сайттар мен БАҚ-ға бос жатқан жер телімдері туралы мәліметтер орналастыру туралы талаптарды да сақтамайды. Бұл мәселемен бірнеше рет бетпе-бет келдік, көптеген кәсіпкерлер келеді, бос жерлердің қайда бар екенін, инженерлік коммуникациялардың қайда бар екенін білмейді. Бұл бизнесіміз үшін айтарлықтай мәселе тудырып отыр. Сондықтан, біз осы мәселеге көңіл бөлеміз, бұл біздің әлеуетіміз», – деп атап өтті Асылбек Жәкиев.

Палата басшысының айтуынша, осыған ұқсас мәселе монополистердің бос қуаттылығы бойынша да өзекті болып тұр. Мұндай ақпараттар көптеген жағдайларда бизнес үшін қол жетімсіз.    

«Мәселен, мен кәсіпкермін делік. Қандай да бір өндіріс ашқым келеді, алайда коммуникацияларға қосылу нүктесі қайда екенін білмеймін. Мен қосылу нүктесінің жақын жерде екенін білсем де, ал оны маған бірнеше шақырымдық жерден ұсынады. Біз бұл мәселені монополияға қарсы орган мен монополистердің өздеріне де бірнеше рет айтқан едік. Егер олар өз мәліметтерін ашық қойса, оларға қатысты ешқандай мәселе болмас еді. Сондықтан, біз осы мәселені шешу мақасындағы жұмыстарды жалғастыра береміз. Жер қатынастары басқармасымен мұндай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақын арада жер телімдерінің онлайн-базасы бизнестің жер жөніндегі көптеген мәселелерін шешіп береді деген үміттеміз», – деді Палата директоры.

Палата басшысы отандық тауар өндірушілерді қолдауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айтып берді. Негізінен мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сатып алу мәселесі сөз болды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда «Самұрық-Қазынаның» еншілес ұйымдарынан хаттар келді. Олар: «Ембімұнайгаз», «ҚазТрансОйл» және басқалары. ӨКП жанынан Жергілікті құрамға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Отандық тауар өндірушілер тізілімі жасақталып, оған облыстағы 100 кәсіпорын енгізілді. Тізілім мәліметтері тұрақты түрде жаңартылып, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушыларға жіберіліп тұрады. Сервистік қолдау көрсету аясында бүгінде ісін жаңа бастап жатқан 111 кәсіпкерге мемлекеттік сатып алу порталы мен «Самұрық-Қазына» АҚ порталымен жұмыс істеу жөнінде практикалық көмек көрсетілді. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу желісі бойынша Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы «Атырау МӨЗ», «SinopecEngineeringGroup», «Қазтрансойл», «ЕмбімұнайГаз» сияқты ірі компаниялармен отандық тауар өндірушілер тізімімен таныстыру мақсатында жиналыстар өткізді. Компанияларға тұрақты тұрде отандық тауар өндірушілердің жаңартылған тізімі жіберіліп тұрады. Сонымен қатар, «Ембімұнайгаз» АҚ мен ӨКП арасында ортақ меморандумға қол қою туралы келіссөздер жүргізілуде. Оған әріптестік бойынша іс-шаралар жоспары енгізілген. Бірлескен іш-шаралар жоспары негізінен ӨКП-ның тауардың шыққан жерін сертификаттау бөлімімен бірлесу арқылы компанияның жауапсыз жеткізушілерін анықтауға бағытталған. Жиналыс қорытындысы бойынша «АМӨЗ» ЖШС-ның бас мердігері «SinopecEngineeringGroup» ҚФ облыстағы ӨКП-мен әріптестік орнатуға зор қызығушылық танытты, қазіргі таңда қытайлық компаниялардың сатып алуына жергілікті өндірушілерді тарту жөніндегі іс-шаралар жоспары мақұлдануда. Соңғы ай ішінде «SinopecEngineeringGroup» ҚФ-дан «АМӨЗ» ЖШС-сын қайта құру жобасына тарту үшін жергілікті құрылыс компанияларын іздестіру жөніндегі 3 өтінім келіп түсті», – деп мәлімдеді Асылбек Жәкиев.

Осы бағыт бойынша проблемалық мәселелер ретінде мыналар аталды: девальвацияға байланысты шарт міндеттемелерін орындаудың күрделілігі, нақты жеткізушілердің біліктілік талаптарының болуы, тапсырыс берушілердің қосалқы мердігерді мердігерге таңуы, бас тартқан жағдайда, жұмыс істеуге кедергі келтіру немесе атқарылған жұмысты қабылдамау, «Самұрық-Қазына» АҚ тендерлерінен сатып алған тауарлардың жекелеген лоттар бойынша егжей-тегжейлі техникалық ерекшелігінің болмауы, ереже бұзылғандығы анықталған жағдайда, «Самұрық Қазына Контракт» АҚ-ның тендерді жоюға өкілеттігі жоқ. Палата басшысы аталған барлық мәселелердегі кедергілерді жою мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқандығына сендірді.

Одан бөлек, Палата басшысы Палата қызметінің басқа да негізгі бағыттарын тілге тиек етті: бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету, агроөнеркәсіптік кешеннің жандануына көмек беру, сыртқы сауда қызметі, адами капиталды дамыту.

Баспасөз мәжілісінің Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Facebook желісіндегі ресми парақшасында онлайн тәртіпте таратылғанын айта кету қажет. Парақшаға жазылғандар таралымды тамашалап қана қоймай, шара аяқталған соң өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды.


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер