«Атамекен» кәсіпкерлерді семинарға шақырады
Маусым айында ҚР Президентінің «Алтын сапа» cыйлығын алуға арналған байқауына және республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуды жоспарлайтын кәсіпкерлер үшін еліміздің 16 өңірінде семинарлар өтеді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасында түсіндіргендей, семинарға қатысушыларға, соның ішінде шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің өкілдеріне байқау материалдарын даярлау жөніндегі консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіледі, байқау тәртібі мен өткізу ережесін түсіндіреді, сапаға қатысты өткізілетін халықаралық байқаулармен таныстырады.
Семинарлар ағымдағы жылдың маусымында 14 облыс бойынша және Астана, Алматы қалаларында өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында бекітілген кесте бойынша өткізіледі.
Аудандарда өткізілетін семинар кестесі www.altynsapa.kz сайтында көрсетілген.
Семинарға қатысу туралы өтініштеріңізді семинарлардың өткізілу кестесінде көрсетілген байланыс бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасына қалдыру міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне хабарласыңыз: 8 (7172) 919 388 (ішкі нөмір1931).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: