«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске бөлінген 600 миллион

2016 жылғы 06 Мамыр
- Жетісу облысы
6659 просмотров

Алматы облысының кәсіпкерлерінде жаңа мүмкіндіктер пайда болды

Аталған аймақтағы Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Несие комитеті құрылды. Оған сеп болған шағын несиелендіруге байланысты жаңа іс-шара. «Атамекен» ҰКП, Алматы облысының әкімдігі мен «Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры» АҚ арасында әріптестік туралы келісім жасалды. Тараптар Алматы облысындағы моно және шағын қалалардағы, ауылды жерлердегі шағын кәсіпкерлік субъектілерін жалпы сомасы 600 миллион теңгеге несиелендіру бойынша шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Соның ішінде 300 миллионды ҰКП мен облыс әкімдігі бөледі. 100-дей шағын бизнес субъектісіне несие беру жоспарлануда. Айта кетерлігі, қаражат Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облысының бизнес-қауымдастықтарына қолжетімді.

Комитет төрағасы ретінде Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің бастығы Римма Салықова сайланды. Несие беру комитетінің құрамына Өңірлік кеңестің мүшелері енді. Олар: Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесі төрағасы Баниямин Файзуллин, «Хильниченко А.В.» ЖК бас директоры Александр Хильниченко, «Геодезия сервис» ЖШС бас директоры Александр Аникин, «ТК-Метакон» ЖШС директоры» Петр Сребный, Алматы облысы ішкі туризмді дамыту қауымдастығының төрағасы Рустам Хакимов, «Али-Бастау Арна» ЖШС директоры Қайрат Мәңліков, «Тамас» ЖШС бас директоры Асқар Пұсырманов және ӨКП директоры Ләззат Шыңғысбаева.

Римма Салықованың айтуынша, Комитет бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын реттеп, жобаның одан ары қарай жүзеге асуын бақылайды.

«Несие комитеті әлеуетті қарыз алушының құжаттар пакетін, жобалардың қарыз берудің іріктеу талаптары мен шарттарына сай келуін, сарапшылар мен мамандардың қорытындыларын, соманы, жоба бойынша пайдалану мерзімін, қарызды өтеу тәртібін, қарыздың мақсатты жұмсалуын қарастырады», – дейді Р.Салықова.

Палатаның экономикалық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Әсет Шаяхметовтің айтуынша, кәсіпкерлер 500 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады.

«Сыйақының жылдық мөлшерлемесі – 6%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі –  6,7%. Несие 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастысы, қаражаттың кәсіпкерлік әрекеттерді жандандыруға арналуы. Тұтыну, алдыңғы несиелерді жабу, қозғалмайтын мүлік алу, жер телімдерін алу мақсаттарына қаражат берілмейді», – деп атап өтті Ә.Шаяхметов.

Алматы облысының кәсіпкерлері несиені рәсімдеу үшін Кәсіпкерлерді қолддау орталығына және ӨКП-ға бара алады. Мамандар құжат дайындауға көмектеседі. Қаржылық-экономикалық талдау, заңды сараптама, кепілдік қамтамасыз етуді бағалау жұмыстарын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау орталығының мамандары жүргізеді. Одан кейін құжаттар Несие беру комитетіне қарауға жөнелтіледі. Регламентке сәйкес, қаражат ӨКП және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау орталығының несие беру комитеттерінің шешімімен ғана беріледі.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер