«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылда да табысты бизнесвумен болуға болады

2016 жылғы 14 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
11065 просмотров

Іскер әйелдер кеңесі өңірдегі әйелдер бизнесінің жағдайы туралы ақпарат жинайтын орталыққа айналуы тиіс

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесіндегі бизнес проблемаларын талқылау барысында айтылды.

«Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова Кеңес мүшелерін ауылдық жерлердегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жұмыстарын жүргізуге шақырды.

«Өңірдегі өз мүмкіндеріміздің диагностикасын, ауыл, облыс орталығы әйелдерінің әлеуметтік бейнесін талдау, әйелдердің кәсіби артықшылықтарына мониторинг жүргізіп, осы талдау негізінде ауылдағы әйел кәсіпкерлерге әуелгіде сөзбен, кейін іспен жан-жақты әрі нақты қолдау көрсету қажет», – деді Л.Рамазанова.

Оның бұл пікірімен Кеңес мүшелері де келісіп отыр, олар бүгінгі күні ауыл әйелдеріне қаржылық, қаржылық емес қолдау көрсету маңызды деп санайды. Меруерт Берген, Әлия Салиева, Роза Бурковскаялар кеңес уақытында айтарлықтай жақсы дамыған ауыл шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы, ірі дәнді-дақылдар өндірісі, бау-бақша плантациялары туралы әңгімеледі. «Адамдар жұмыс жасағысы келеді және ол қолдарынан келеді. Бірақ олар несие алудан қорқады. Оларға өз мүмкіндіктеріне баға беріп, қажетті құжаттар жинауға мүмкіндік беру керек, сонымен бірге олардың жобаларын алғашқы несие сомалары берілгенге дейін демеп жіберу қажет», – дегенді жеткізді бизнес-ханымдар.

«Біздің әйелдердің қолынан бәрі келеді. 90-шы жылдардың өзінде де олар экономиканы нәзік қолдарымен көтеріп алған, қазір де, дағдарыс жағдайында, олар заманмен иық тіресе тұра алады, – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев. – Әйелдерде жауапкершілік мол, олар банк төлемдеріне анағұрлым тәртіппен қарайды. Іскер әйелдер кеңесі арқылы, кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы әйелдерге ЖК ашу, қай салықтық режимде жұмыс жасаған қолайлы, бизнес-жоспарды қалай құруға болатынын мақсатты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады».

Қаржылық қолдауға келер болсақ, ҰКП Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, қазір Ұлттық палата шағын бизнесті 6-7%-бен микронесиелеу бағдарламасын іске қосуда, мұнда кепілдікке ЕДБ еш уақытта алмайтын сабан үйлер, мал, құрылыс қойыла береді. «Бұл микронесиелер ауыл шаруашылығына, әсіресе әйелдерге қолдау болар еді», – деді ол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер