«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Табыс тарихы: Болашақ сіздің қолыңызда!

2016 жылғы 29 Наурыз
- Астана қаласы
10922 просмотров

Тәжірибелі бизнесмендер студенттерге өздерінің жетістікке жету құпиялары туралы әңгімеледі

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы «Табыс тарихы» жобасының аясында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі студенттері мен «Гол Пас» гриль-бар желісінің басшысы  Жанна Черновамен  кездесу ұйымдастырды.

Тәжірибелі бизнесмен қаладағы танымал брендтің қашан және неден басталғандығы, сонан соң қалай дамығандығы жайында айтып берді.

Жанна Михайловна: «Біздің бизнес сонау 90-жылдары қалыптасты. Алғашында ол «Біздің компания» дүкендер желісінен басталды. Істің  негізінде көтерме сауда жатты. Осы арқылы шағын айналым қалыптастырдық, нәтижесінде қаржы айналымы жақсы болды», – деп  еске алды.

Дами келе саріктестер атақты «Мелодия» дүкенінде техника, ал кейінірек спорт тауарларын сата бастайды.  

Өткен жылы компания өз дамуын жалғастырып, бұл жолы басқа бағытта – гриль-бар желісін құруға шешім қабылданды. Бұл күндері Астанада ағылшын стилінде жасалған бірнеше мекеме жұмыс жасап тұр.

«Ерекшелігіміздің бірі – электронды меню және ас үйдегі өз асыңыздың қалай дайындалып жатқандығын көре алатын үлкен экран. Сонымен қатар барлық тағамдарымыз арнайы цехта дайындалады, сонан кейін барып бүкіл барларға таратылады. Өйткені біздің барлардағы ас үй ондай үлкен емес. Сондай ақ, біздің асханалар қаланың еш бір мекемесінде жоқ толық кешенді италияндық ас үй жабдығыммен қамтамасыз етілгендігімен мақтана аламын», – дейді бизнесвумен.    

Ол жылдардың жайлы болмағандығын, қиындықтардың, шарықтау мен құлдыраудың да болғандығын жеткізе отырып, өз компаниясының қандай жағдай болса да жұмысшыларға жалақы төлемеуге, түрлі тексерістердің жүргізілуіне жол бермегендігін айтты. Мүмкін осыдан болар біздің қызметкерлер құрамы жылдар бойы өзгерген емес дейді.

Жанна Михайловна: «Жазға қарай, мен сіздерге біздің бизнесті ішінен көру үшін бізде жұмыс жасауды ұсынамын. Мүмкін, осыған ұқсас мекеме ашқыларың келетін болар. Біз бәсекелестерге қарсы емеспіз, қайта қуанамыз. Өйткені салауатты бәсекелестік үнемі өсу мен дамуға жетелейді», – деп есептейді. 

Бақарушы өзінің жеке тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, қазіргі жастар үшін дамуға, өз жеке ісін ашуға көп мүмкіндіктердің бар екендігін атап кетті. Тек өзің таңдаған бағытты өте жақсы игеру керек.

«Жақсы жұмысқа «тамыр-таныстық» арқылы ғана орналасуға болады деп ойламаңыздар. Ол дұрыс емес. Білікті маман қай кезде болмасын сұранысқа ие және абыройына қарай бағаланады» – дейді Жанна Чернова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер