Қазақстанда жасалған: Флуоресцивті бояулар өндірісі
Люминесцентті материалдарды зерттеу орталығы» ЖШС («ЛМЗО» ЖШС) «Отандық флуоресцивті полимер материалдардың технологиясын жасау және тәжірибелі өндірісті ұйымдастыру» технологияларды коммерцияландыру жобасын іске асыру мақсатында 2012 жылы құрылған.
«ЛМЗО» ЖШС-нің негізгі мақсаты – жаңа поликонденсациялық материалдар (смола), сондай-ақ солардың негізінде флуоресцивті пигменттер мен бояулар, соның ішінде су эмульсиялық бояулар алу. Флуоресцивті пигменттер жол және навигациялық белгілерді, көліктердің, жол жұмысшыларының маркировкасын және жол жолақтарын бояуда қолданылады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: