«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» «Алтын сапа» байқауының форматын өзгертеді

2016 жылғы 29 Қаңтар
10391 просмотров

Палатада бейнеконференция режимінде өңірлердің қосылуымен өткен жиналыс барысында байқауды өткізудің жаңа ережелері таныстырылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үстіміздегі жылы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын ұйымдастыру және өткізуді жетілдіру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен, Ұлттық палатада мынадай мәселелерді талқылау бойынша жиналыс өтті:

- Байқауларды ұйымдастыру және өткізу процесін жаңарту;

- Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау үлгісін Еуропалық Сапа Менеджменті Қорының (EFQM) соңғы редакциясына сәйкес жаңарту;

- «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын өткізу процедураларын қайта қарау;

- байқаулар қатысушыларын ынталандыру шараларын қайта қарау;

- ҰКП байқау қатысушылары материалдарына алдын-ала баға беруді жүргізу, олардың жалақысын төлеу және басқа да мәселелер жөніндегі комиссиясына қосу үшін сарапшыларды іріктеу критерийлері және процесі.

Жаңа ережелерді «Атамекен» ҰКП жұмыспен қамту департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова таныстырды. Ол талқылаудан кейін салалық қауымдастықтардың байқауларды өткізу жөніндегі ұсыныстарын Палатаға жолдауын сұрады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер