«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандықтар вагоннан шықпай-ақ сапалы тамаққа тапсырыс бере алады

2016 жылғы 27 Қаңтар
11010 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тамақты жеткізу бойынша мобильді қосымша - инновациялық жобасының тұсауы кесілді.

«Біз УниверMAG.kz-тің Астана мен Қарағанды қалаларында ғана емес, Қазақстан бойынша іске асырылғанын қалаймыз. Бүгінгі селекторлық кеңесте өңірлік палаталар осыған қатысты тиісті деректерді алды. Аталмыш жобаны тарату бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізілетін болады. Бұған бизнес те атсалысады деген сенімдеміз. Бұл жоба  еліміздің барлық аймақтарда өндірілген тауарлардың Қазақстан мен ЕАЭҚ аумағында емін-еркін айналымын қамтамасыз ете алатын нағыз Жібек жолы болмақ», - деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы хатшылығының жетекшісі, Ұлттық палатаның Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова. 

Ләззат Рамазанованың айтуынша, «Рахмет үшін» дүкендерінің өңірлік желісі ашылмақ. «Қонақжай қазақ жерінде ата-бабаларымыздың адамға жылу сыйлау, жылы шыраймен қарау дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Менің ойымша, семейлік Людмила Михайлова осынау көне дәстүрді қайта жаңғыртып отыр. Оның бұл үлгісін бүкіл елге тарату қажет», - деп айтты Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі.

«Әр адам жақсылық пен қайырымдылық жасауға бейім тұрады. Егерде ол тек өзі үшін өмір сүрсе, одан ешқандай ләззат алмайды. Аталмыш бастаманы қазақстандықтар, бизнес-қоғамдастық тарпынан қолдау тапты. Кәсіпкерлер палатасы бізді бірден қолдады, екі дүкенде бізге арнайы орын әзірлеп, оны жабдықтап та қойды. Ақпанның басында екі дүкен есігін айқара ашып, жұмыс істей бастайды. Адамдар қазірдің өзінде қоңырау шалып, жинау орындарына жүгініп жатыр», - дейді Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Людмила Михайлова. Ләззат Рамазанова қолға алынған жұмысты бір ізге салып, атаулы көмек жасау үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасына тиісті тапсырма берілгенін атап өтті. Сонымен қатар іскер әйел ірі облыс қалалаларында сауда желілерін ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Ютария» компаниясының өкілі Шолпан Нұрғалиева «УниверMAG.kz» арқылы тауарларды сату тәжірибесімен бөлісті.

«Бір жарым ай ішінде біздің сайтқа орташа есеппен 120-200 адам кірді. Біздің тауарларға деген қазақстандықтардың қызығушылығы өте жоғары екенін аңғардық, олар өнім түрлерінің толықтырылуын сұрап жатады. Біз сатып алушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға тырысамыз. Саудада киімнің іздеген түсі немесе мөлшері болмаса, тікелей тауар өндірушілермен байланысып, басқа тауарға тапсырыс береміз. Егерде сомасы жайлы айтатын болсақ, бүгінгі таңда айналым көлемі 8 млн. теңгені құрайды. Бұл осы күнге дейін сатылған тауарлардың көлемі», - деді ол.

 

«UMAI» жобасының бас үйлестірушісі Диана Ратбекова жұмыс істеп жатқан palata.kz платформасының негізінде кәсіпкерлерге түсінікті контентті ұсынумен айналысатын UMAI ғаламторлық жүйесі жұмыс істей бастайтынын хабарлады.

«Онда біз бизнес саласындағы сараптамамен, жаңалықтармен бөлісетін боламыз. Сонымен қатар кәсіпкерлер UMAI.Link нетворкинг арқылы бір-бірімен байланысқа шығып, басқа аймақтарға шықпай-ақ, ынтымақтастық жайларын талқылау мүмкіндіктеріне ие болады», - деді Диана Ратбекова. 

Диана Ратбекова сонымен қатар IOS b Android қосымшаларына арналған платформаның қосылғанын хабарлады. Ол жолаушыларға поезд вагонынан шықпай-ақ станциялардағы аялдама кезінде сапалы тамақ сатып алуға мүмкіндік береді. «Аталмыш платформаның арқасында аймақтарда шағын және орта бизнесті дамыта аламыз. Станцияларда дүңгіршіктер орналастырамыз, ол жерде қазақстандық құрамдағы азық-түліктер сатылады. Жобаның жұмыс атауы Travel caffe, бірақ алдағы уақытта оны қазақшалаймыз. Ақпанның ортасынан бастап Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында платформаны пайдалана бастауға болады. Қазіргі таңда біз азық-түлікпен қамтамасыз ете алатын жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізудеміз», - деп қорытты сөзін «UMAI» жобасының бас үйлестірушісі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер