«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлт жоспары - 100 қадам: Бизнес өзін-өзі реттей алады

2016 жылғы 22 Қаңтар
11790 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Өзін-өзі реттеу туралы» заң таныстырылды

Құжатты Ұлттық экономика министрлігі және заң жобасымен жүргізілген жұмыс процесінің басы-қасында болған «Атамекен» ҚР ҰКП дайындады. 2015 жылғы 12 қарашада заңға қол қойылды, осы жылдың мамыр айында күшіне енеді. 

«Атамекен» ҚР ҰКП өкілі Айжан Бижанова «Өзін-өзі реттеу туралы» заңды таныстыра отырып, мұның «кәсіпкерлердің өзін танытып, қызметтерін қаншалықты дербес реттей алатындарын, тиімділікті, нәтижелілікті көрсетуге тиіс жаңа институт» екенін атады.

Палата өкілінің пікірінше, бұл мемлекетке қатысты ғана емес, көтеріңкі сапаны, кәсіптік қызметтер мен қақтығыстардың сотқа дейінгі реттелуін күтіп отырған тұтынушыларға қатысты алғанда үлкен артықшылық болады.

«Заңды революцияшыл деуге болады, себебі мемлекет және жеке кәсіпкерлік субъектісі арасындағы сенімгерлік қатынастардың туындауын көздейді. Осындай қарым-қатынастардың тиімділігіне тәжірибе мен уақыт қана баға бере алады, өйткені аталмыш институт күллі әлемде эволюциялық тәсілмен дамыған, яғни кәсіпкерлердің әзірлік шамасына қарай мемлекеттің килігуінсіз қызметтерін өз беттерінше реттеуіне қарай. Яғни бұл кәсіпкерлік қоғамдастықтың бастамасынсыз дамытуға және енгізуге болмайтын алғашқы құқықтық институт», - деп түсінік беріп кетті Айжан Бижанова.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қауымдастықтардан айырмашылығы неде? Ұлттық палата сарапшысы баса көрсеткендей,  өзін-өзі реттеудің түріне қарамастан, ӨРҰ-да мүшеліктің болуы кәсіби немесе кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, соның ішінде тұтынушылар мен үшінші тұлғалар алдында, көтеріңкі мән-жайларды қабылдауын болжайды, бұл бұрыннан келе жатқан қауымдастықтардан ерекшелейтін белгі болып табылады. 

Қоғамдық бірлестік өзін өзі реттейтін ұйымды құра ала ма? Айжан Бижанова бұл сұраққа жауап бере отырып, «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚР заңында коммерциялық емес ұйымдардың екі нысаны көзделгенін атады: бұл қауымдастық (одақ) немесе ҚР заңдарымен белгіленген коммерциялық емес ұйымның өзге де формасы. Реттеушілік әсер етуге талдау жүргізу кезінде сондай-ақ кәсіпкерлік немесе кәсіби қызметтің барлық ортасы, сонымен бірге басқа да бірлестіктердің болуы талданатын болады.

Ол сонымен қатар заңда өзін-өзі реттеудің екі түрі көзделетінін айтып өтті – бұл міндетті және ерікті өзін-өзі реттеу. «Ерікті өзін-өзі реттеудің кейбір көтермелеулерін енгіздік, мәселен, тексерістердің қысқартылуы, яғни ерікті ӨРҰ (өзін-өзі реттеуші ұйым) мүшесі болып табылатын кәсіпкерлік субъектісін тексеру азаяды», - деді Айжан Бижанова.

Ол сонымен бірге өзін-өзі реттеу түріне байланысты болатынын атады. «Егер бізде міндетті өзін-өзі реттеу болатын болса, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексермейді. Ал ерікті өзін-өзі реттеу болса, онда бұл тексерулер қысқартылады. Егер нарық субъектісі қандай да бір ерікті ӨРҰ (өзін-өзі реттеу ұйымы) мүшесі болып табылса, онда тексеру азаяды.  Яғни бақылау тоқтатылатын міндетті ӨРҰ-ға қарағанда, мемлекет тек қана өзін-өзі реттейтін ұйымды бақылауды жүзеге асыра отырып, нарық субъектілерін тексеруді тоқтатын болса, ерікті ӨРҰ үлгісінде – нарық субъектілеріне қатысты бақылау сақталады, ол сондай-ақ кезең-кезең бойынша қысқартылады», - деп түсіндірді ҰКП өкілі.

Айжан Бижанова 2016 жылғы мамыр айында «Өзін-өзі реттеу туралы» заң күшіне енген сәттен бастап, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға кәсіби өндіріс орындарының қызметін бақылау уәкілеттігі берілетінін де атап өтті.

«Яғни мемлекеттік функцияны өзін-өзі реттейтін ұйымға беру орын алады да, олар ендігі жерде өз мүшелері - нарық субъектілерін өздері бақылауда ұстайтын болады. Мемлекет нарық субъектілерін емес, нақты бір өзін-өзі реттейтін ұйымды бақылауды сақтап қалады», - деп қорытты ҰКП өкілі.

Айжан Бижанова атағандай, егер салалық қауымдастық өзін-өзі реттейтін ұйым атанғысы келсе, оның қатысушыларына деген талабы күшейеді. «Бұл, мысалы, мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету. Яғни ол мүшелерінің жұмысы мен қызметіндегі кемшіліктер үшін жауап беретін болады. Егер аталмыш салада сәйкес салалық заң міндетті өзін-өзі реттеуді енгізген болса, бұл саладағы барлық нарық субъектілері өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесі болуға міндетті", - деп түйіндеді Айжан Бижанова.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер