«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлт жоспары - 100 қадам: Ұлттық палата ЕАЭО құрылыс және құрылыс материалдары жөніндегі техникалық реттемесін екі бөлікке бөлуді ұсынады

2016 жылғы 18 Қаңтар
9534 просмотров

Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі қағидаларын әрбір ел жеке‑жеке анықтауға тиіс, деп есептейді Ұлттық палата

«Ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдары мен өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО Техникалық реттемесінің дайындалып жатқаны белгілі. «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитетінің төрағасы Александр Белович ҰКП‑да өткен брифингте Ұлттық палатаның екі жыл бойы ғимараттар, құрылыстар, сонымен қатар құрылыс материалдары мен өнімдері жөніндегі бірыңғай техникалық реттемені дайындауға қарсы шығып, аталмыш құжаттың екі бөлікке бөлінуі қажеттігін алға тартып келе жатқанын хабарлады. «Құрылыс материалдары нарығына келер болсақ, біз кәсіпкерлер ретінде қолдаймыз, себебі біздің материалдар Ресейге және басқа елдерге барады және керісінше. Орнын ауыстырмайтын ғимараттар мен құрылыстарға келсек, ұлттықтың үстіндегі құжаттың құрылуына қарсымыз және ғимараттар мен құрылыстар қауіпсіздігінің ЕАЭО мүше елдердің ұлттық құжаттарында ғана реттелуін талап етеміз», - деп мәлімдеді ол.

Қазақстандық тарап ЕАЭО барлық мүше елдерімен отырыстарда елдердің түрлі жағдайларда қызмет жасайтынын бірнеше мәрте атаған болатын: нормативтік және техникалық база әртүрлі, кадрларды даярлау жүйесі әртүрлі, сәйкестікті бағалау жүйесі әртүрлі, және де, ең бастысы, нарыққа жіберу жүйелері әртүрлі. Қазақстан реттемені қабылдаған жағдайда белгілі бір аумақтарды ерекше реттеу режимін орнату үшін қимылын Еуразиялық экономикалық комиссиямен және ЕАЭО мүше мемлекеттермен келісуге тиіс болады. Сонымен қатар техникалық реттемені қабылдағаннан кейін ЕАЭО құрылыс нормалары міндетті негізде қолданылып, барлық құрылыс өнімдері техникалық реттеме талаптарына сәйкестікке міндетті растаудан немесе жарамдылық бағасынан өтетін болады.

Осыған орай 2016 жылғы 14 қаңтарда «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитеті отырысында Комитет мүшелері уәкілетті органға Техникалық реттемені екі құжатқа бөлу ұсынысымен қайтадан жүгінуді шешті: жылдам арада қабылдануға тиіс Құрылыс материалдары және өнімдері жөніндегі қауіпсіздік туралы техникалық реттеме және Ғимараттар мен құрылыстар қауіпсіздігі жөніндегі техникалық реттеме, оны әрбір елдің ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын толық талаптарын дайындау тұрғысынан аяқтап бітіру қажет. Шарт талаптары мұндай бөлуді істеуге мүмкіндік береді. Техникалық реттемені қабылдағанға дейін ғимараттар мен құрылыстар қауіпсіздігіне, жобалау (зерттеуді қоса), өндіріс, монтаждау, жөндеу және т.б. қатысты  талаптарды ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасы аясында қалдыру ұсынылып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер