Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің арнайы сыйлықтарын табыстады
Қазақстан Президенті үш кәсіпорынға марапатты өз қолымен табыс етті
Президенттің «Алтын сапа» арнайы сыйлығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясындағы лауреаты посткеңестік кеңістіктегі ірі тау-кен жобасы «KAZ Minerals Bozshakol ЖШС (ҚАЗ Минералз Бозшакөл, Павлодар облысы) атанды. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі мыс кенін байыту, мыс концентратын өндіру болып табылады. Байыту фабрикасының кенді қайта өңдеу бойынша жобалау қуаты – жылына 25 млн. тонна.
Алматылық «Элтекс Алатау» ЖШС үздік инновациялық жоба боп танылды
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2015» байқау гран-приінің иегері «Самұрық Энерго» компаниясының басшысы Алмасадам Сатқалиев те ҚР Президенті марапатына ие болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: