«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алтын Сапа: Бедел бірінші орында

2015 жылғы 29 Қазан
8629 просмотров

«Алтын Сапа» - қызмет сапасын одан әрі дамытуға, сонымен қатар жаңа ірі инвестицияларды тартуға түрткі

Биыл республикалық «Алтын сапа» байқауына Қызылорда облысынан екі кәсіпорын қатысады.

Олардың бірі - «Жанрос дриллинг» ЖШС бұрғылау компаниясы Қазақстанның оңтүстігінде заңды түрде жеке меншік мұнай-газ сервисінің көшбасшысы болып саналады. Оның тапсырыс берушілері қатарында «ПетроҚазақстан», «ҚазГерМұнай», «Саммек Интернешнл» сияқты ірі халықаралық компаниялар бар. «Жанрос» үшін Еуропалық қайта құру және даму банкі стратегиялық қаржылай серіктеске айналып отыр. Соңғы 5 жылда 450 ұңғыма бұрғыланып, жер қабатын гидравликалық ажырату бойынша 200-ден астам операция жүргізілген және 3 мыңнан астам ұңғыма жөндеуден өткізілген.

Көрсетілетін қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз ету - «Жанрос» ЖШС басшылығының басты жұмысы. Компания беделі ғана емес, әл-ауқатының өзі тікелей осыған байланысты.

Қызметкерлердің құзыретін тұрақты көтеріп отыру, Қауіпсіздік техникасы қызметінің сауатты жұмысы, тапсырыс берушілердің тілектеріне ұқыппен қарау, шетелдік инвестицияларды тарту және жабдықты үнемі жаңартып отыру -  осының бәрі «Жанрос» компаниясының Қазақстанның мұнай-газ саласындағы қызметтер нарығы қоятын талаптар деңгейіне ойдағыдай сәйкес келуге көмектеседі.

«Жанрос» ЖШС көп жылдардан бері халықаралық сапа стандарттары бойынша, «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйесі», «Экологиялық менеджмент жүйесі» және «Сапа менеджменті жүйесі» ИСО сертификаттарына сәйкес жұмыс жасайды.

«Жанрос» тапсырыс берушілердің қанағаттануын көтеру және орындалатын жұмыс сапасын бақылау мақсатында 2014 жылы бұрғылау білдектері мен КПРС білдектерінде шынайы уақыт режимінде жұмыс процесін бейнежазу жүйесін енгізді. 

«Жанрос Дриллинг» ЖШС сонымен бірге әр түрлі деңгейдегі байқаулар мен көрмелерге тұрақты қатысып отырады. Ұлттық бизнес-рейтингтер одағы Қызылорда облысына бірқатар экономикалық көрсеткіштер бойынша екінші жыл қатарынан бірінші орынды беріп отыр.

«Алтын Сапа» байқауына қатысуын «Жанрос» үлкен жоспарларды жүзеге асырудағы баспалдақ ретінде қарастырады. ҚР басшылығы мен ел президентінің өзінің қолдауы бізде көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі жетілдіру үшін тамаша түрткі болары анық, сонымен қатар «Жанрос» жобаларына Қазақстандағы мұнай бизнесінің жеке меншік секторына жаңа ірі инвестицияларды тарту жөнінен салмақты жәрдем көрсете алады. 

«Алтын Сапа» республикалық байқауына қатысу – бұл компания жетістіктерін ең жоғары республикалық деңгейде ұсынудың жақсы мүмкіндігі, бұл сапа стандартына сәйкестікке тексерілу, елдегі басқа жетекші компаниялармен салыстырғанда құнды тәжіррибе алу мүмкіндігі», - деп атады «Жанрос дриллинг» ЖШС бас директоры Алексей Мылтықбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер