«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Алтын сапа» байқауына қатысуға республиканың барлық өңірлерінен 153 өтінім келіп түсті

2015 жылғы 05 Қазан
8647 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Алтын сапа» байқауына қатысушылардың материалдарын бағалау жөніндегі Комиссия жұмысын бастады

Қазақстанда 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» Сыйлығын алуға байқау өткізіліп келе жатқанын еске саламыз. Аталмыш сыйлық жыл сайын ұйымның өнім және/немесе қызмет сапасы саласындағы қол жеткізген елеулі нәтижелері, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сонымен қатар ұйымның сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін беріледі.

Биылғы жылы байқаудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.

ҚР Президентінің сыйлығы үш номинацияда үш санат бойынша беріледі: Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын; Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын; Үздік қызмет көрсетуші кәсіпорын. Әрбір номинация бойынша мына санаттарда үш сыйлық табысталады: шағын кәсіпкерлік субъектісі, орта кәсіпкерлік субъектісі; ірі кәсіпкерлік субъектісі.

Жақында ҰКП Комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға байқауға қатысушылардың материалдарына «өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша алдын-ала бағалау жүргізді.

Комиссия берген ақпарат бойынша, аталмыш номинацияда республиканың барлық өңірлерінен келген байқауға қатысушылардың 61 материалы қаралған.

Комиссия мүшелері алқа шешімімен 17 бәсекеге қабілетті кәсіпорынды іріктеп алды. Оның ішінде 5 бойынша материалдарда баяндалған куәліктерді нақтылау үшін сол жерде қосымша тексеру жүргізу ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер