«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның үздік тауары: Көкшетау мықтысын таңдайды

2015 жылғы 28 Тамыз
- Ақмола облысы
8610 просмотров

Көкшетауда ең үздік тауар өндірушілер таңдалды

Көкшетауда «Қазақстанның үздік таңдауы» өңірлік көрме-байқауы мәресіне жетті. Биылғы жылы байқаудың «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қамқорлығымен өткенін, және де Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерекесіне орайластырылғанын атап өту керек. Ақмола облысында іс-шараны Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Байқауға өңірдегі 18 кәсіпорын мен жеке кәсіпкер қатысты. «Көкшетау» Мәдениет үйінде өткен көрмеге өңірдің тауар өндірушілері талғампаз келушілер назарына бар дүниесін жайып салды: пісірілген нан өнімдері, сүт, ет, ұн, тоқыма өнімдері, тұрмыстық химия құралдары, құрылыс материалдары, ағаштан, металдан, матадан жасалған ұлттық бұйымдар.

Қатаң қазылар алқасы байқауға қатысушыларды үш номинацияда бағалады: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; «Халыққа арналған үздік тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлары».

Біраз алға кетіп, оқиғаға облыс әкімі Сергей Кулагин тұлғасындағы жергілікті биліктің де, қатысушылардың да жоғары бергенін атап өтейік. «Родина» Агрофирмасы» ЖШС бас директоры Иван Сауэр көрмені ұйымдастырылуынан ерекше әсер алды.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауы жыл сайын өткізіліп тұратынына қарамастан, бірінші рет қатысып тұрмын және көңіл сүйсінерлік әсер алғанымды айта кетейін. Әрбір тауар өндіруші өнімін нарыққа өркендете отырып, еппен насихаттауға тиіс деп есептеймін. Бүгін өзім үшін Ақмола облысының жекелеген өңірлерінде өндірілетін өнімдердің сан түрлілігін көрдім. Мұндай байқаулар мен көрмелер міндетті түрде өткізіліп тұруға тиіс. Бұл өңірде бәсекеге қабілетті өндірушілердің дамуына түрткі болады», - деді Иван Сауэр.

«Ерназаров және К» ЖШС директоры Әділхан Ерназаровтың айтуынша, байқауға қатысу оның жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік береді. Жақында ғана ол өңір үшін жаңа бағыт – арболит өндірісін игере бастаған болатын. Енді, презентациядан кейін оның өнімі құрылыс материалдары нарығында тұтынушысын табуы әбден мүмкін.

Байқаудың мазмұнды бағдарламасының ең жағымды тұсы, сөзсіз, жеңімпаздарды марапаттау болғаны анық. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында бірінші орын Көкшетау қаласындағы «Енки» ЖШС-ға берілді. «Халыққа арналған үздік тауар» Көкшетау қаласындағы «Тұрмыстық химия зауыты» ЖШС өнімі болды. Ал «Үздік азық-түлік тауары» номинациясында бірінші орынды Целиноград ауданындағы «Родина» Агрофирмасы» ЖШС алды.

Жүлделі орындарға ие болған байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды: I орын – 150 000 теңге, II орын – 100 000 теңге, III орын – 70 000 теңге.

Жеңімпаздар Астанада өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында өңірімізді танытатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер