«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның үздік тауары: Қостанайлық бизнес жаңа биіктерді бағындыруда

2015 жылғы 27 Тамыз
- Қостанай облысы
8732 просмотров

Қостанайда өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының қорытындысы шығарылды

Биыл жеңіп шығып, облысты республикалық деңгейде таныту құқына ие болу үшін 13 кәсіпорын бақ сынасты.

Үстіміздегі жылдан бастап ұйымдастырушы ролін алған өңірдегі Кәсіпкерлер палатасы атап өткендей, байқау елімізде өндірілетін тауар сапасының өлшеуіші болып табылады. Мұндай байқауды өткізу тәжірибесі дүниежүзінде таралған және бірнеше онжылдықтан бері өткізіліп келеді. «Қазақстанның үздік тауары» - бизнестің өзін кеңінен танытуына мүмкіндік беретін ұлттық аналог.

Қостанайлық он үш компанияның сегізі биылғы жылы байқауға алғаш рет қатысты. Ереже бойынша, былтырдан бері үздік атану құқығы үшін жеке кәсіпкерлер де күресе алады. Құрылыс және тігін материалдарын, сонымен қатар нан-тоқаш өнімдері саласынан осындай шағын кәсіп иелері болып табылатын үш бизнесмен қатысты.

Бұл туралы салтанатты іс-шара аясында өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында мәлімденді. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов қатаң іріктеуге қарамастан, болашақта қатысушылар саны өсіп, географиясы кеңейе түсеріне үміт артты.

«Бүгінгі іс-шараға қатысушы және қатысуға әлеуеті бар кәсіпкерлерді босқа шақырып отырған жоқпыз. Олар қазіргі әлемдегі бәсекелестік өсіп келе жатқан жағдайда мұндай байқаулардың отандық өндірушілер мүддесіне сай келетінін көріп, бағаласын. Бұл –өнімнің қажетті сапа критерийлеріне сәйкес келетінін көрсету мүмкіндігі. Бұл – бизнестің өзінің жеке беделін көтеруге арналған салмақты тұғырнама. Ол шығарылатын өнім танымалдығына сөзсіз сеп болады», - деп мәлімдеді Мұрат Әбенов.

Байқау үш номинация бойынша өтті. Жеңімпаздарды арнайы құрылған сараптау тобы бағалады. Сонымен, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында бірінші орынды арматура өндіретін «Евраз КаспианСталь» кәсіпорны алды, екінші – жылу қазандарын шығаратын «Қостанайстройтеплокотлсервис» ЖШС, үшінші - «S.M.F.-System» Тоқылмайтын материалдар фабрикасы» ЖШС.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында шұжық өнімдерін шығаратын «Аян-Озат» фирмасы көшбасшы атанды, екінші орынды ұн тартатын «Аруана — 2010» кәсіпорны жеңіп алды, үшінші — жылдам дайындалатын кеспе өндіретін зауыт «Ақбарыс НК».

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында бірінші орын автомобиль шығаратын кәсіпорын «СарыарқаАвтопром» ЖШС еншісінде. Екінші орынды минералды су шығарушы «Сосновый бор» ЖШС иеленді. Үшінші орынды Сархадов ЖК және оның иелігіндегі «Мастер» тігін бірлестігі алды.

«Шынымды айтсам, күтпеген дүние болды. Кәсіпорнымыз салыстырмалы түрде жас, дегенмен де үздіктер атағын иелену көңіл сүйсіндіреді. Табысымыздың ерекше сыры да жоқ. Ал сапа жөніне келер болсақ, онда зауытымызда оған алғашқы орын берілген, себебі біз ақаудың алдын алып отырамыз. Және де құжаттар жинау, презентация жағынан көлемді даярлық жұмысын жүргіздік. Бұның көмегі тиді», - деп атады «ЕвразКаспианСталь» ЖШС сапа қызметінің Бастығы Наталья Асташкина.

Жеңімпаздар дипломдарға, естелік мүсіншелер мен ұйымдастыру техникалары – теледидарлар, ноутбуктер мен көп функциялы құрылғылар түріндегі бағалы сыйлықтарға ие болды. Кәіпорындар ереже бойынша байқау эмблемасын өніміне төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта қолдана алады. Ал болашақта облысты республикалық байқауда танытады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер